Ғали Нұртазаұлы Кемелов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғали Нұртазаұлы Кемелов (1897 жылы туған, Көкшетау облысы, Арықбалық ауданы, Мәдениет ауылы - 1946 жылы дүниеден озды) - қазақ кеңес математигі, алғашқы қазақ доценттерінің бірі. 1923 жылы Н.К. Крунская атындағы Коммунисттік тәрбиие академиясын бітірген. 1934-35 жылы Семейдің геологиялық - барлау институтында (қазіргі Алматыдағы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехнологиялық инститe), 1935-1937 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында жоғары математикадан сабақ берген. Қазақ тіліне тұғыш рет "Чарьлз Дарвин және оның ілімі" (1925 жылы) атты еңбегін аударған. Көптеген ғылыми еңбектердің авторы. Қазақстанда математик ғалымдарды даярлауда елеулі еңбек сіңірген.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы 1974 жыл,5 том, бас редакторы М.Қ.Қаратаев</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер