Ғалия Құсайынқызы Балтабаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғалия Құсайынқызы Балтабаева (Ғалия Балтабай) (1 маусым 1948 жыл Павлодар облысы Железин ауданы Аққайың ауылы) – тележурналист<ref>"Қазақ телевизиясы". Энциклопедия. - Алматы: "ҚазАқпарат", 2009, 1-т. - 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>.

1966 жылы Ертіс ауданындағы номері 2-ші қазақ мектебін тәмәмдап, Әль-Фараби атындағы университетінің журалистика факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1966 жылы «Аққайың» мектебінде бастап, 1967 жылы Республикалық Қазақ радиосына қызметке алынады. 1983 жылы Павлодар телерадиокомитетіне ауысады. 1987-1997 жылдар аралығында Республикалық Қазақ радиосының Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі қызметіне тағайындалады және Павлодар облыстық телеарнасының қазақ тіліндегі Жаңалықтар редакциясын басқарады. Ғалия Балтабайдың сын хабарларының нәтижесінде Павлодарда Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ театры, облыстық балалар ауруханасы, Екібастұзда қазақ мектептері мен балалар бақшасы ашылды. 20-дан астам соғыс мүгедегі мен ардагерлері, тұрмысы төмен адамдарға тұрғын үй алып беруге телехабарлары арқылы көмектескен.

1997 жылы Ғалия Құсайынқызы Астана радиосына қызметке ауысады. Сол жылдары ол талай мәрте Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алған.

Ал 2001 жылы Павлодар облыстық радиосына директор қызметіне ауысып, республикалақ конкурс-тендерлерден өтіп, Павлодар радиосын ҒМ жиілігіне шығарады. Сөйтіп облыста радионы сақтап қалды. Бұл республикадағы жалғыз қалған облыстық радио екенін мақтанышпен айтуымыз. Ғалия Құсайынқызы 42 жыл еліне тапжылмастан қызмет етіп, 61 жасында зейнетке шықты.

Кітаптары

Ғалия Құсайынқызы Балтабай –

  • «Тұғыры биік тұлғалар»
  • «Иса ақын және оның ұрпақтары»
  • «Емші құдыреті»
  • «Әрбір үйге радио қажет»
  • «Есімдері ел есінде»
  • «Ұлы Жеңіс - ұрпаққа ұлағат»
  • «Тағдырларды біріктірген – Қазақстан», тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған
  • «Ақмола облысы» атты және Железин ауданына арналған екі томдық
  • «Туған жер перзенттері»
  • «Шипасымен шуақ шашқан» атты кітаптардың авторы.

Наградалары

  • «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» медалімен марапатталған.
  • ҚР-ның мәдениет қайраткері
  • ҚР-ның құрметті журналисі
  • «Павлоадар облысына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісінің иегері (2013).

Ғалия Құсайынқызының есімі «Кто есть кто в Республике» және республикалық «Почитаемые люди земли казахской», «Известные женщины Павлодарского Прииртышья», сол сияқты Павлодар облыстық «Кто есть кто» кітабына да енген.

Күрескер қызы қазақтың

10-нан астам кітапты жарыққа шығарды. Екі-үш кітапқа редакторлық қызмет көрсеткен. Атап өтсек, Кереку өңірінің мемлекет және қоғам қайраткерлері жайлы жазылған «Тұғыры биік тұлғалар», Республикалық дәрежедегі емші атанған Үміт Сұбатылова жайлы «Халық емшісі», Павлодар облыстық радиосы жайлы дүниеге келген «Әрбір үйге радио қажет» деген және суырып салма әрі жазба ақыны, сегіз қырлы бір сырлы, дарынды жерлесіміз, Ертіс ауданының тумасы- Иса Байзақов жайлы «Иса ақын және оның ұрпақтары» сол сияқты «Есімдері ел есінде», «Шипасымен шуақ шашқан» деген кітаптары мен астаналық соғыс және еңбек ардагерлеріне арналған «Ұлы Жеңіс–ұрпаққа ұлағат», Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Ақмола облысы» атты және Павлодар облысы, Железин ауданының соғыс және еңбек ардагерлері жайлы дайындаған «Туған жер перзенттері» атты кітабы мен Алжир лагерінде отырған, сталиндік репрессияға ұшырап, саяси қуғындалып, жазықсыз жапа шеккен аналарымыз бен қыз-келіншектердің тағдыры жайлы жазылған «Тағдырларды біріктірген Қазақстан» деген кітаптарын айтуға болады. «Тағдырларды біріктірген-Қазақстан» басылымын Қазақстан Республикасының президенті - Нұрсұлтан Назарбаев оның қабылдауында болған саяси қуғындалғандардың ұрпағы Тұрар Рысқұловтың қызы – Сәуле Рысқұлова мен атақты балерина Мая Плисецкаяның туған інісі, Алжир лагерінде анасымен бірге отырған Азари Плисецкийге, Ілияс Жансүгіровтың ұлы – Саят Жансүгіровтерге осы еңбекті тапсырып тұрып: «Тағдырларды біріктірген – Қазақстан» кітабы - «Сіздер үшін арнайы жазылған, бұл - ата-аналарыңыздың қиын тағдыры - ол бүгінгі ұрпаққа ой салар, болашағын болжайтын құнды дүние »,- деген еді.

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер