Ғабит Ғабдоллаұлы Мейрамов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғабит Ғабдоллаұлы Мейрамов (1947 ж. т.), экспериментальді диабетология саласының маманы, медицина ғылымдарының докторы (1993, Югославия), медицина ғылымдарының докторы (1998, Қазақстан), профессор (2000, Қазақстан).

Қарағанды мемлекеттік медицина институтын бітірген(1971). 1971-77 ж. ҚарММИ стажері, аспиранты, ассистенті; 1977-1997 ж. ҚарПИ аға оқытушысы, доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі; 1997 жылдан ҚарМУ профессоры; 1980 жылдан өзі ұйымдастырған Диабетологиялық зерттеу тобының жетекшісі. 48 баяндамасы Бүкіләлемдік қонгрестерде ұсынылды. Сидней, Лейпциг, Ғронинген, Грейфсвальд университетінің, сонымен қатар Диабет институтының (ГФР) зертханаларында зерттеу әдістері бойынша маманданған. 90-нан астам ғылыми еңбектің авторы (оның ішінде 50-і шетел басылымдарда жарық көрген). «Құрмет Белгісімен» марапатталған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}