Ғабит Халықұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғабит Халықұлы — (18 қаңтар 1963 жыл, Орал облысы, Жаңақала ауданы, Көпжасар ауылы) — баспагер. <ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

1980 жылы Д.Нүрпейісова атындағы орта мектебін, 1989 жылы әл-Фараби атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетін журналист мамандығы бойынша, 1995 жылы осы университеттің филология факультетінің аспирантурасын бітірген. Кеңес Армиясы қатарында азаматтық борышын өтеген (1981-1983). Аудандық "Жаңарған өңір" газетінде тілші (1983-1985), облыстық "Орал өңірі" газетінде тілші (1985-1987), "Жазушы" баспасында редактор (1995-1996) болып қызмет істейді. 1996 жылы белгілі аудармашы, журналист А.Тажутовпен бірігіп "Сөздік— Словарь" баспасын ашып, қазақ тілін барынша дамыған тілдермен байланыстыратын сөздіктер әзірлеу, қазақ тілінің әлемдік тілдерге шығуын камтамасыз ету жонінде идеяны үсынады. "Қазақша—ағылшынша", "Ағылшынша—қазақша", "Французша—қазақша", "Түрікше—қазақша", "Толық экономикалық орысша— қазакша", "ағылшынша—орысша— қазақша информатика терминдерінің" сөздігіне және т.б кітаптарға редактор болды.

1998 жылы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің тапсырмасымен Мәскеуде өткен халықаралық кітап көрмесінде "ТМД елдерінде кітапқа халықаралық стандартпен штрих-кодты енгізу туралы" семинарға қатысып, сол жылы айтылған жаңа технологияларды пайдаланып, тәуелсіз елімізге оны енгізуге өз үлесін қосты. 1994 жылдан бастап "Арыс" баспасының сөздік бөлімінде бас редактор. Еліміздің түңғыш президентінің бастамасы бойынша шығарылып отырған "Мәдени мұра" кітап сериясымен шығып жатқан "Қазақ тілінің орфоэпиялық сөздігіне", "Қазақ тілінің аймақтық сөздігіне", "Қазақ тілінің синонимдер сөздігіне", "Қазақ тілінің орфографиялық сөздігіне" редактор.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}