Ғабдіман Игенсартов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғабдіман Игенсартов (12.3.1902, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы – 2.15.1976, Қарқаралы қаласы) – Қазақстанның халық ақыны (1962).

Өз бетінше сауатын ашқан. 1927 – 28 жылдары Темірші болысы жалшылар комитетінің, 1928 – 30 жылдары Қарқаралы округтік атқару комитетінің төрағасы болған. 1930 – 56 жылдары Қарағанды облысының кеңес органдарында, шаруашылық мекемелерінде қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысы жылдары көмір кеніштерінде жұмыс істеді. Қарағанды облысы “Советтік Қарағанды” (қазіргі “Орталық Қазақстан”), Қарқаралы ауданы “Коммунизм таңы” газеттерінде меншікті тілші, бөлім меңгерушісі болды. Игенсартов өлеңдері 20 ғасырдың 20-жылдарынан бастап жарияланған. “Ақ қошқардың жоқтауы” өлеңі (1930), “Ақ бидай” (1934) поэмасы Семей облысы “Екпінді” (қазіргі “Семей таңы”) газетінде жарияланды. “Лавадағы өмір” (1949, 1985), “Шахтер сөзі” (1953), “Шынар” (1961), “Арман” (1964), “Тың дала” (1968), “Айдар Әбек” (1970) атты өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарық көрді. Қарқаралы қаласының орталық көшелерінің бірі Игенсартов есімімен аталады.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}