Ғабдығапар Сағитұлы Сейітқасымов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Ғабдығапар Сағитұлы Сейітқасымов (14.9.1940 жылы туған, Қостанай облысы, Жангелді ауданы) — экономика ғылымы докторы (1989), профессор (1990), Қазақстан Ғылым Академиясының акад. (2003). ҚазМУ-ды бітірген (1963). 1963 — 69 ж. Жангелді ауданында, 1969 — 73 ж. Қазақ ауыл шаруашылық экономика ғылыми-зерттеу институтында, 1973 — 93 ж. Қарағанды мемлекеттік университетінде ғылыми, басшылық қызметтер атқарды. 1993 — 99 ж. Қазақ мемлекеттік басқару академиясында проректор, 1999 — 2001 ж. Астана қаласындағы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті бөлімшесінің директоры, 2001 жылдан Қаржы және несие институтының ректоры. Ғылыми жұмыстары ауыл шаруашылық экономикасы мен қаржы және банк ісі саласына бағытталған. Сейітқасымов астық дайындаудың экономикалық тиімділігін анықтаудың жаңа көрсеткіштер жүйесін; астық өсіру, тасымалдау, дайындау, сақтаудың экономикалық тиімділігін кешенді зерттеудің ғылыми әдістерін жасады. 200-ге тарта ғылыми еңбектің, оның ішінде оқу-әдістемелік құралдардың, 20 монография мен оқулықтардың авторы. Бірнеше медальдармен марапатталған. Шығ.: Организация заготовок зерна в Казахстане, А.-А., 1982; Экономическая эффективность заготовок зерна, А.-А., 1986; Становление аудиторской деятельности в Казахстане, Караганда, 1996; Деньги, кредит, банки (учебник), А., 1996; Ценные бумаги и фондовый рынок, А., 1998; Ақшалар, несие, банктер (оқулық), А., 2000.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ғабдығапар Сағитұлы Сейітқасымов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}