Ғабдолла Қалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography

Қалиев Ғабдолла (17.9.1929 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы) – ғалым, филология ғылым докторы (1990), профессоры (1992). Қазақ КСР-і (1968), КСРО оқу-ағарту ісінің үздігі (1980). 1950 жылдан бері Абай атындағы ҚазҰПУ-да қызмет істейді. 1958 – 61, 1972 – 77 ж. қазіргі қазақ тілі кафедрасының, 1993 – 2003 ж. жалпы тіл білімі және қазақ тілі тарихы кафедрасының меңгерушісі, 1993 – 98 ж. оқу-әдістемелік бірлестік бойынша проректор, университеттің жетекші ғалымы (2005). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Қалиевтың негізгі еңбектері қазақ тілінің диалектологиясы, лексикологиясы, лексикографиясы, әдеби тіл тарихы мәселелеріне арналған. Қалиев қазақ диалектологиясы ғылымының қалыптасуына елеулі үлес қосты. 1950 – 54 ж. қазақ тілінің диалектілік ерекшеліктерін бірінші болып говорлық деңгейде зерттеді. “Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру” (1985) монографиясы түркі диалектологиясында жаңа бағыт ретінде қабылданды. 1960 ж. студенттерге арнап қазақ тілінде диалектологияның тұңғыш оқу құралын жазған. 1969, 1996, 2005 ж. диалектология аймақтық сөздіктер жасауға қатысты. Студенттер үшін қазақ тілінің лексикологиясы, диалектологиясы, әдеби тіл тарихы, жалпы тіл білімінің оқулықтарын жазды. 2004 жылдан бері “Мәдени мұра” мемл. бағдарламасы бойынша шығарылып жатқан 15 томдық “Қазақ әдеби тілінің сөздігін” жасауға қатысып келеді. Қалиевтың жетекшілігімен 12 ғылым кандидаты, 2 ғылым докторы дайындалды. Көптеген медальдармен, 2003 ж. “Қазақстан ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін” белгісімен марапатталған.

Шығармалары

  1. Қазақ говорлары жүйесін зерттеу мәселелері. Монография, А., 1977;
  2. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі, А., 2005;
  3. Русско-казахский словарь, 3 изд., А., 2005. Қазақ әдеби тілінің сөздігі, А., 2005, 1 – 3-т., 2006 – 07.
  4. Қазақ диалектологиясының мәселелері 1960.
  5. Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелері, 2002.
  6. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру,1985.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ғабдолла Қалиев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}