Ғабдолла Шоланов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шоланов Ғабдолла (1907, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы – 22.2.1966, Алматы) – экономист-ғалым, экономика ғылымының докторы (1956), профессор (1960), Қазақ КСР-і ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1962). Гурьев кеңес-партия мектебін (1926) бітірген. 19281931 жылдары Омбы жұмысшы факультетінде, 19331937 жылдары Новосібірдегі Марксизм-ленинизм институтында оқыған. 19261928 жылдары Гурьев облысында Қызылқоға болыстық комсомол комитетінің хатшысы, 19311933 жылдары Омбы қазақ педтехникумының оқытушысы, директоры. 19371939 жылдары Қазақстан К(б)П Балқаш қалалық, Қарағанды облысы комитетінің 2-хатшысы. 19391942 жылдары Қазақ КСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары (19421945) Қазақ КСР-і Халком кеңесі төрағасының орынбасары және Қазақстан КП ОК-нің кадрлар бөлімі меңгерушісінің орынбасары (19451948), “Коммунист” журналының бас редакторы (19461950) болды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің (19411946) және Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің (19381947) депутаты болып сайланды. 19381947 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болды. 1948 жылы Қазақстан КП ОК-нің шешімімен Қазақ КСР-і ғылым академиясына жіберіліп, экономика секторын басқарды. Бұл сектордың экономика институты болып құрылуына (1952) күш салған ол өмірінің соңына дейін осы институттың директоры қызметін атқарды. Шоланов 60-тан астам ғылыми еңбектің, соның ішінде бірнеше монография кітаптың авторы. Ол Қазақстанның 1917 жылдан 1945 жылға дейінгі экономикалық тарихы бойынша материалдарды алғаш рет жүйелеп, қорытындылаған 3 томдық “Қазақ КСР-і халық шаруашылығы тарихы” очерктерін (орыс тілінде) әзірлеуге белсене ат салысты. Көптеген ғылым кандидатын дайындаған ол КСРО Жоғары және арнаулы орта білім министрінің жоғары аттестациялық комиссиясының мүшесі болды. Шоланов Еңбек Қызыл Ту орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Шығармашылығы

  • Экономическое развитие Казахстана за 30 лет, А.-А., 1951;
  • Промышленность Казахстана за годы Советской власти, А.-А., 1952;
  • Промышленность Казахстана с середины 19 века до Великой Отечественной войны Советского Союза, М., 1955.

Дереккөздер:

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ғабдолла Шоланов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}