Ғаббас Шөкімұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғаббас Шөкімұлы (1919-1986) – қазақтың ақиық ақыны және жазушысы. Көптеген шығармалардың авторы.

Өмірбаяны

Жарма ауданының №24 ауылында дүниеге келді. 1936 жылдан Ұлан-Уде қаласында әкесі Шөкіммен берге (Серікмұхамед) «Паровоз-Вагон» зауытында газорезчик болып болып еңбек етеді. 1941-1945 жылдары сол зауыттың қару-жарақ жасайтын цехында жұмыс істейді. 1946 жылы елге қайтып оралып, Аягөз бен Жарма темір жол бекеттерінің арасында әртүрлі қызметтер атқарады. 1958 жылы Аягөз қаласына көшіп келіп, темір жол жұмысшыларын жабдықтау жүйесінде сатушы болып істейді. 1983 жылы зейнеткерлікке шықты. Жұмыс барысында үздік еңбегі үшін сый-құрметпен, «Еңбек ардагері» медальдармен марапатталып, «Коммунистік еңбектің екпіндісі» атағын алады. Шөкімұлы Ғаббас ауданаралық ақындар айтысына үзбей қатысқан, суырып салма ақын. Атақты Қ.Алтынбаев, М.Зүкенов, Т.Төлеуов сияқты ақындармен сөз қағыстырған. Азаматтық, саяси-әлеуметтік өлеңдер ақын шығырмашылығынан кең орын алған.

Шығармалары

Отан соғысындағы жеңіске арналған арналған «Өшпес ерлік», «Қанды шайқас» поэмаларында ел басынан өткен ауыр кезеңді, теңдессіз ерліктерді суреткерлікпен жеткізеді. Ақын тарихи тақырыптарға ден қойып, «Ботақара батыр», «Ақсақ құлан», «Тентек қыз», «Ақсақ киік» секілді поэмалар мен толғаулар жазған. Көзінің тірісінде бірнеше жыр жинақтары жарық көрді. 2002 жылы «Дала самалы» жинағы кітап болып, басылып шықты. 2007 жылы ұрпақ есінде сақтау мақсатында жерлестері Аягөз қаласында бір көшеге Ғ.Шөкімұлы есімін беруге ұйғарды.<ref>Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының «Аягөз» энциклопедиясы. 1 том. «Көркем» баспасы, Алматы -2010 жыл.</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер