Ғаббас Жұмабаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғаббас Жұмабаев - 1924 жылы 5 мамыр да Қостанай облысындағы Меңдіғара ауданының Ақсуат ауылында туған. Ақын.


  • 1942 жылы Меңдіғара қазақ педагогикалық училищесін бітірген.
  • 19451947 жылдары өз ауылында мұғалім болып,
  • 1947 жылдан бастап бірыңғай журналистік қызметте кешкен.
  • 19471955 жылдары Қостанай облыстық газетінде әдеби қызметкер және жауапты хатшы болып қызмет істеген.
  • 1959 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітіргеннен кейін көп жылдар бойына «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болған.
  • «Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс» журналдарында бөлім меңгерушісі, «Ара» журналында фельетонист, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы информация агенттігінде (ҚазТАГ) аудармашы болып қызмет атқарды. азақстан Жазушылар одағында қызмет атқарған. Тұңғыш өлеңдер жинағы - "Нәсер" 1959 жылы жарық көрген. Ж. Л.Толстойдың "Крейсер сонатасы" повесі мен бірнеше әңгімелерін, К. Хетагуровтың өлеңдер жинагын, Г.Х. Андерсеннің ертегілер кітабын, Самед Вургунның "Бакудастан" поэмасын, Н.Тихоиовтың, С.Прокофьевтің және басқа ақын-жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған. Бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Шығармашылығы

Он шақты жыр кітабы шыққан. Л.Толстойдың «Крейсер сонатасы» повесі мен он шақты әңгімесін, К.Хетагуровтың өлеңдер жинағыш Г.Х.Андерсеннің ертегілер кітабын, С.Вургуннің «Бакудастан» поэмасын, Н.Тихоновтың, С.Прокофьевтің және басқа орыс ақын-жазушыларының шығармаларын аударған.

  • Нөсер. Өлеңдер, балладалар, поэмалар. А., «Жазушы», 1961;
  • Мерей. Өлеңдер, балладалар, поэмалар. А., «Жазушы», 1963;
  • Арманым. Өлеңдер, балладалар, поэмалар. А., «Жазушы», 1966;
  • Жомарт күз. Өлеңдер, поэмалар, балладалар. А., «Жазушы», 1969;
  • Исповедь. Стихи, баллады, поэмы. А., «Жазушы», 1972;
  • Алтын толқын. Өлеңдер, балладалар, поэмалар жинағы. А., «Жазушы», 1978.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}