Ғаббас Айтбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ғаббас Айтбаев 1882 жылы Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы (бұрынғы Егіндібұлақ ауданы) К.Маркс атындағы колхозында дүниеге келген. Ол қазақ халық ақыны, композитор. 1920 жылдан КОКП мүшесі. 1922 жылы Қарқаралыда өткен халық ақындарының айтысында бірінші орынды жеңіп алған. Әкесі Айтбай–Арқаның белгілі әнші-композиторларының бәрі. Айтбаевтың әншілігіне испанның гитаршысы Андрея Сеговия тәнті болып, оның орындаушылық өнерін жоғары бағалаған. Ол 1927 жылы Москвада Советтердің төртінші съезі делегаттарына ұйымдастырылған концерттерде жұртшылық назарына ілігеді. Сол жылы өлкен театрда этнографиялық концертке қатысып, зор абыройға ие болады. Александр Затаевич Айтбаевтан он екі ән жазып алған.

"Ғаббастың "Ардағының" өзі поэзия. Ол қиялыңды шарқытатын жазғы кештегі ай сәулесінің, Сахараның тылсым тыныштығының ғажайып көрінісі–суреті",

- деп жазған А.В.Затаевич. Айтбаев қазақ ауылын советтендіруге белсене ат салысып, өзінің туған жерінде өмірінің соңына дейін ауыл совет председателі болып қызмет етті. Ғ.Айтбаев Қазыбек би селосында жерленген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия Үлгі:Stub:Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}