Яһуда Амандықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Яһуда Амандықов 1935 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданында дүниеге келген. 1953 жылы Созақ орта мектебін бітірген соң, 1962 жылы Шымкент педагогикалық институтының филология факультетін бітірді.

Филология ғылымдарының кандитаты. Жамбылтанушы ғалым.

Композитор. Қаратауым және Түркістан әндерінің авторы.

Шығармашылығы

1957 жылдан 1976 жылдар арасында үздіксіз облыстық, аудандық 80-150 кісілік хор-капелласын басқарды.

Сол Созақ аудандық хор-капелласы 1975 жылғы Таллинде өткен халықаралық фестивальге қатысып, елге үлкен жүлдемен оралған.

Яһанның әндері 1954 жылдан халық арасына кең тараған.

Республикалық ұлт-аспаптар оркестрі “Отырар сазының”, Қазақ радиосының эстрадалық оркестрінің, Ішкі істер министрлігінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің репертуарларынан Яһуда Амандықовтың әндері 1978 жылдан бері түскен емес.<ref>Амандықов Я. А 52 Жамбыл өнер әлемінде. Алматы: Қайнар, 1998.</ref>

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>