Юрий Васильевич Антропов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға


Юрий Васильевич Антропов (1937-2003 ), жазушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі.

Еңбекжолы

Юрий Васильевич Антропов 1937 жылы 18 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы Лениногор (қазіргі Риддер) қаласында дүниеге келген. 1955 жылы орта мектепті аяқтаған соң, Мәскеу мемлекеттік университетінің геология факультетіне түседі. Геолог мамандығын алған соң біршама жерлерге саяхат жасайды. Дегенмен, ол геологиялық қызметін күрт тоқтатып, әдебиетке бет бұрады. Ол жас жазушылардың 5-Жалпыкеңестік отырысына қатысып, шығармашылық кеңеске ұсынылады.

Автобиографияға негізделген алғашқы повесі – «Должность с эмоциями» (1968 ж.). Аталған шығарма – дипломмен, Н.Островский атындағы әдеби сайыс лауреаты медалымен марапатталды. Кейін: " Присядем на дорогу", " Живые корни", "Неделя ущербной луны" повестері бірінен соң бірі жарық көреді. Аса көрнекті шығармаларының бірі, 1975 жылы жарық көрген - "Перед снегом" повесі. Мұнда өмірден өз орнын іздеген адам жайында сөз болады. 1977 жылы жазушы Мәскеуге қоныс аударып, алғашқы романы – «Перевалды» дүниеге әкеледі. Шығармада Қазақстанның құрғақ далаларынан су өндіретін геологтардың қажырлы еңбегі суреттелген.


Дереккөздер

<references/>

1. Шығыс Қазақстан облысы мәдениеті кітабы, АТАМҰРА