Ю

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Қазақ әліпбиі (кирил)

Ю, ю — кириллицаға негізделген әліпби әрпі, қазақ тілінде бірнеше дыбыстар тіркесін белгілейді:

  1. сонант «й» + жуан еріндік, қысан дауысты «ү» + сонант «у» - үшеуінің тіркесі. Мысалы, жазылуы - үю, күю; айтылуы - үйүу, қүйүу;
  2. орыс тілінен енген сөздер мен халықаралық терминдер құрамында сонант й мен еріндік, қысан «у» дыбыстарының тіркесі. Мысалы, жазылуы - юмор, юрист; орыс тілінің заңдылығына сәйкес айтылуы - йумор, йурист<ref>Қазақ Совет энциклопедиясы/Бас редакторы М.Қ.Қаратаев - Алматы, 1972, 5 том</ref><ref>Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ., Қазіргі қазақ тілі. Лексика. Фонетика, А., 1962</ref>.

Кодтар кестесі

Код Регистр Ондық
код
16-лық
код
8-дік
код
Екілік код
Юникод Бас 1070 042E 002056 00000100 00101110
Кіші 1102 044E 002116 00000100 01001110
ISO 8859-5 Бас 206 CE 316 11001110
Кіші 238 EE 356 11101110
KOI 8 Бас 224 E0 340 11100000
Кіші 192 C0 300 11000000
Windows 1251 Бас 222 DE 336 11011110
Кіші 254 FE 376 11111110

HTML жүйесінде бас әріп «Ю»-ны &#1070; немесе &#x42E;, ал кіші «ю» әріпін - &#1102; немесе &#x44E; деп белгілейді.

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Commons