Элеонора Дүйсенқызы Сүлейменова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Элеонора Дүйсенқызы Сүлейменова (05. 04. 1945 жылы туған, Алматы қаласы) — тіл білімі маманы, филология ғылымының докторы (1992). Абай атындағы АлМУ-ды бітірген (1966). 1966— 1969 жылдары М. Торез атындағы Мәскеу шет тілдер институтында аспирант. 1969—1985 жылдары Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың жалпы тіл білімі кафедрасында аға ғылыми қызметкер, доцент. 1985— 1987 жылдары М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің жалпы тіл білімі кафедрасында аға ғылыми қызметкер. 1987—1993 жылдары ҚазМҰУ-дың жалпы тіл білімі кафедрасында профессор. 1993— 1994 жылдары Мериленд штаты (АҚШ) университетінің славистика департаментінің профессоры. 1995 жылдан ҚазМҰУ-дың жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі. 1969 жылы "Тіл білімінің объектісі — тіл анықтамасының мәселелері (тарихи-аналитикалық зерттеу)" деген тақырыпта кандидат (профессор Г. В. Комианскийдің жетекшілігімен), "Интерлингвальды зерттеудегі сөздің семантикалық параметрлері туралы докторлық диссертация қорғады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}