Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Эксперименттік және теориялық физика ғылыми-зерттеу институты (ЭТФ ҒЗИ) — Қазақстандағы жоғары оқу орындары жанынан ашылған тұңғыш ғылыми-зерттеу институты. Ол 1992 жылы 10 сәуірде құрылды.


Физика факултетінің 6 кафедрасының (теориялық физика, қатты дене физикасы, ядролық физика, оптика және плазма физикасы, электроника және сызықсыз толқындық процестер физикасы), үш оқу лабораторияларының (дәрістік физикалық эксперимент, сызықтық үдеткіш, шала өткізгіш прибор құрастыру) ғылыми-өндірістік базалары мен интелектуалдық күштерін біріктіреді. Институтта 16 ғылыми зертханадан тұратын 6 бөлім жұмыс істейді. Кафедра меңгерушілері тиісінше институттың 6 бөліміне жетекшілік етеді. Факультеттің ғылыми жұмысын институттың ғылыми-техникалық кеңесі үйлестіреді, ал факультеттің ғылыми кеңесі институттың қызметін қадағалайды. Институттың ғылыми қуатын Ұлттық ғылым академиясының 1 акад. мен 3 корр. мүшесі, 32 ғылыми доктор мен 63 ғылыми кандидаттан құрады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға жоғары курс студенттері, магистранттар мен аспиранттар да қатысады. Институт қызметінің негізгі ғылыми бағыттары:

– салыстырмалылық теориясы, гравитацияның және кванттық физиканың өзекті мәселелері; </td></tr>

<i>

– жану процестері мен жылу-масса тасымалдану құбылыстарын зерттеу; </td></tr>

<i>

– газ, плазма және сұйықтық физикасы; плазма мен плазма тәріздес орталардағы тепе-теңсіз процестер физикасы; </td></tr>

<i>

– қатты дене физикасы және материалтану мәселелері; затты электрлі физика, оптикалық және құрылымдық зерттеу; </td></tr>

<i>

– ядр., электрлі магниттік сәулелену және үдетілген бөлшектер мен заттың өзара әрекеттесуі; ядр., термоядролық энергетика және оның қауіпсіздігі мәселелері; </td></tr>

<i>

– теор. және эксперименттік ядролық физика және космос сәулелерінің физикасы; </td></tr>

<i>

– радиофизика мен физикалық электроника. </td></tr> </table>

ЭТФ ҒЗИ жұмыстарына физика саласындағы ғалымдар ғана емес, сондай-ақ математиктер, химиктер, биологтар, социологтар, т.б. қатысады. Институт ғалымдарының ғылыми-зерттеулерінің нәтижелері нақты ұсыныстарда көрініс тапты. Оған ғалымдар алған авторлық куәліктер мен патенттер (8-і соңғы үш жылда), халықаралық көрмелерге қатысуы дәлел бола алады. Қазіргі уақытта факультетте доктор және кандидат дисс-ларды қорғайтын мамандандырылған кеңестер (теориялық физика, жылу физикасы мен молекулалық физика, физикалық электроника, плазма физикасы мен химиясы мамандықтары бойынша) жұмыс істейді. Институттағы ғылыми-зерттеу қызметі Интернет жүйесімен байланысты дамыған компьютерлік орталықта атқарылады. Институттағы көптеген бірегей қондырғылар әр түрлі класты компьютерлермен кешенді жұмыс жүргізеді. Институт ғалымдары зерттеп, ұсынған технологиялар мен әдістер Қазақстанның әр түрлі өнеркәсіп салаларында, мысалы, радиациялық технологиялар мұнай өңдеу мен ұнтақты металлургияда, т.б. қолданылады; жұқа қабықты жартылай өткізгішті приборлар жасау технологиясы; акупунктуралық емдеуге арналған ықшам кешенді лазерлік приборлар т.б. «Мазуттың радиациялық-термиялық крекингі» және «Ұнтақ металдарды радиациялық өңдеу технологиясы» технология жобалары 22-Халықаралық өнертабыстар конференциясында (Женева қалысы, 1994, сәуір) екі алтын алқаға ие болды. Шала өткізгіштер лабораториясының «Жұқа қабықты құрылымдарды алу технологиясы» жобасы ҚР ҰҒА ұйымдастырған суперидеялар конкурсында шала өткізгішті материалдар мен жұқа қабықты құрылымдарды алу технологиясы бойынша 1-орын алды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер