Ысқақ Құнанбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ысқақ Құнанбайұлы (1847 жыл1901 жыл) – Абайдың өзінен кейінгі тете інісі.

Өмірбаяны

Құнанбайдың әйелі Ұлжаннан туған. Бірақ, Құнанбайдың үлкен әйелі Күңкенің қолында тәрбиеленген. Ысқақ ауыл молдасынан оқып, ескіше хат таныған. 1876-97 жылдар аралығында бірде Күшік-тобықты болысының, бірде Қызылмола болысының басқарушысы, бірде халық төрешісі болып қызмет атқарған. Қызылмола болысын басқарған кезінде 1890 жылы 25 қыркүйекте Батыс-Сібір генерал-губернаторы Барон Таубе оған мінсіз қызметі үшін алтындаған қыны бар қылыш сыйласа, 1897 жылы 24 тамызда әскери генерал-губернатордың 33-бұйрығымен қылмыс заңының 338, 342-ші және 362-ші баптары бойынша сотқа тартылған.

Отбасы

Ысқақ үш әйел алған. 1-ші әйелі – Мәніке, 2-ші әйелі – Мұрын Таға мырзаның қызы – Текті. Тектіден – Кәкітай туады. 3-шісі Оспанның жесірі, жеңгедей алған әйелі – Торымбала. Ал Ахметбек деген ұлының қай әйелінен туғаны туралы дерек жоқ<ref>Қазақстан тарихы: Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2010. – 544 бет. ISBN 9965-893-30-1</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер