Ысқақ Тәкімұлы Дүйсенбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ысқақ Тәкімұлы Дүйсенбаев (15 қазан 1910 ж., Ресей, Омбы облысы, Таврия ауданы, Қаушақпан ауылы — 21 қараша 1976 ж., Алматы) — ғалым, филология ғылымдарының докторы (1967), профессор (1971), Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі (1975), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1971).

Мәскеу қаласындағы Әдебиет институтын бітірген. 1939 — 42 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалының әдебиет секторында ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, 1942 — 43 жылдары әскери-педагогикалық институт тыңдаушысы, 3-Украина майданының “Советский воин” газеті редакторының орынбасары болған.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> Майданнан оралған соң, Қазақстан Ғылым Академиясы төралқасының ғалым-хатшысы (1946), Тіл және әдебиет институтының бөлім меңгерушісі (1949 — 61), Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі (1961 — 76) қызметтерін атқарған. Негізгі ғылым еңбектері қазақ фольклоры, соның ішінде лиро-эпос, әдебиет тарихы, қазіргі заманғы әдебиет мәселелеріне арналған.

Ф.Рабле, И.С. Тургенев, А.П. Чехов, Р.Роллан, Максим Горький шығармаларын қазақ тіліне аударған. Дүйсенбаевтың “Ғасырлар сыры” (1970), “Қазақтың лиро-эпосы” (1973), “Мұхтар Әуезов” (1974), “Эпос және ақындар мұрасы” (1987) атты еңбектері қазақ әдебиеттану ғылымына қосылған елеулі үлес болып есептеледі. Қызыл Жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}