Ырғызбай Досқанаұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ырғызбай Досқанаұлы, Ырғызбай әулие (1787, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Қапанбұлақ станциясының маңы, Қарақия тауы – 1850, Тарбағатай ауданы Күмісті бастауы) – Орта жүзге белгілі халық емшісі, әулие, көріпкел. Найман ішіндегі мәмбетқұл (қыржы) руынан шыққан. Ырғызбай жасынан шипалы шөптерді пайдалана отырып, талайдың дертін жазып емдеген. Ол аурулардың тамырын ұстап, алақанына, тырнағына, бет-әлпетіне қарап аурудың түрін ажыратып, шипалы тамыр-шөптерден дәрі-дәрмекті өзі дайындаған. Сондай-ақ қолмен сылап-сипау арқылы да ем-дом жасаған және көріпкелдік қасиеті де үлкен болған. Ол алыстан қиналып келе жатқан науқасты күні бұрын болжаған, сырқаттарды ақысыз-пұлсыз емдеп, ауқаттылардың берген дүниесін, пұлын жетім-жесірлерге, кедей-кепшіктерге үлестірген. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда Ырғызбай арнайы шақырумен Шыңғыстауға барып, белгілі би Құнанбай Өскенбайұлын емдеп, асқынған ауру-шешек дертінен жазған. Атақты айтыс дүлдүлі, ақын Түбекті де емдеп, жараларынан жазған деген дерек бар. Ырғызбайдың баласы Кенжалы би, немересі Әбсейіт болыс болған. Ұрпақтарының қатысуымен 1990 ж. Ырғызбай басына күмбезді мазар тұрғызылып, әр түрлі рәсімдерді өткізуге арналған арнайы орын салынды. Ырғызбай әулиенің жатқан жері киелі орын болып есептеліп, қазірде көп адам басына барып тағзым етеді.<ref>Смағұлов Т., Найман Мәмбетқұл және Ырғызбай әулие әулеттері, Сем., 2005.</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ырғызбай Досқанаұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}