Шәміл Сыздықұлы Жүніс

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Шәміл Сыздықұлы Жүніс (1940 жылы 30 қаңтарда Ресей, Челябі облысы, Бреды станциясы - 2013 жылы 29 қыркүйекте Астанада) — актер. Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі (1982). Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының негізін қалаушы актері.

Толығырақ

Сахнадағы негізгі рөлдері

М. Әуезов «Түнгі сарын» – Кәрім, «Абай» – Мағауия, Сырттан, «Еңлік Кебек» – Абыз, Қараменде «Айман Шолпан» – Жарас, «Қарагөз» – Жарлығап, Дулат, Ғ. Мүсірепов «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» –Қарабай, Жантық, «Қыз Жібек» – Базарбай, «Ұлпан» – Мүсіреп, «Амангелді» – Мұңайтпас, «Ақан Сері-Ақтоқты» – Науан, У. Шекспир «Ромео мен Джульетта» – Ромео, Капуллети, Ш. Құсайынов «Алдар Көсе» – Алдар, Шығайхан, С. Жүнісов «Қызым саған айтам» – Құмар, «Жаралы гүлдер» – Баттал, Ш. Айтматов « Ана-Жер ана» – пошташы, «Ғасырдан да ұзақ күн» – ревизор, І. Жансүгіров, С. Назарбекұлы «Махамбет» – Шонты би, Қ. Ысқақов «Шырғалаң» – Бахтияр, С. Мұқанов «Мөлдір махаббат» – Әбутәліп, Н.В. Гоголь «Үйлену» – Кочкарев, Островский «Найзағай» – Кулибин, Тихин, Қ. Мұхамеджанов «Бөлтірік бөрік астында» – Сайлаубек, «Құдағи келіпті» –Дауылбай, «Жат елде» – Асан, Ә. Тәжібаев «Жалғыз ағаш орман емес» –Айдабол, «Майра» – Дүрбіт, А. Дударев «Кеш», т.б. спектакльдерді сахна төріне шығарып көрермендер ризашылығына бөленді.

Марапаттары

  • 1967 жылы Қазақстан республикалық театрлар фестивалінің лауреаты, «Амангелді» спектакліндегі Мұңайтпас рөлі үшін І-ші дәрежелі дипломанты атанды.
  • 1958 жылдан Қазақстан театр қайраткерлері одағының мүшесі.
  • 1982 жылы Қазақ КСР Еңбек сіңірген артисі құрметті атағымен марапатталған.
  • 1986 жылы КСРОның "Еңбек ардагер" медалі
  • 1987 жылы Мәдениет министрлігінің «Құрмет грамотасына» ие болды.
  • 1996 жылы Түркі тілдес елдердің ІІ Халықаралық фестивалінің лауреат-дипломанты ретінде марапаталды.
  • 2008 жылы "Астанаға 10 жыл" медалімен марапатталған.

Жеке қасиеттері

  • Діни көзқарасы - мұсылман.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның өркендеуіне сенем».
  • Хоббиі - шахмат, көркем әдебиеттер оқу, драмалық пьесаларды орыс тілінен қазақ тіліне аудару.

Жеке өмірі

Үйленген. Жұбайы -Жақсылықова Галина Давыдқызы, зей- неткер. Ұлдары - Жүнісов Ардақ (1960 жылы туған), құрылысшы; Жүнісов Айдар (1962 жылы туған), құрылысшы; Жүнісов Берік (1967 жылы туған), қалабезендіру суретшісі; қызы - Жүніс Сәния (1984 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub