Шәміл Керімұлы Серіков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Спортшы

Шәміл Керімұлы Серіков (5 наурыз 1956 жыл, Алматы қаласы22 қараша 1989 жыл, Алматы қаласы) —палуан, грек-рим күресінен әлем және олимпиада чемпионы (1980), КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері (1979).

Биографиясы

6 жасар жас баланың бойында талантты байқаған тәжірибелі бапкер Аянбек Алдабергенов Шамильді өз секциясына жаттығуға шақырады. Осы бапкердің қол астында жаттыққан алты жыл ішінде Шамиль төрт рет Қазақстан чемпионы болды, Бүкілодақтық оқушылар спартакиадасын жеңді.

1972 жылы Алдабергенов Алматыдан көшіп кетуіне байланысты Шамильді өзінің әріптесі Александр Жарковқа тапсырады.

Өзінің үлкендер арасындаеы алғашқы чемпионатында сәтсіз өнер көрсетеді. Дегенмен келесі жылы өткен Иван Поддубный Мемориалында әлем және олимпиада чемпионы Виталий Константиновты жеңеді.Көпшілік мұны кездейсоқ жағдай деп бағалаған болатын. Алайда Шамиль келесі жылы КСРО чемпионатында жеңімпаз болады. Шамилтден жеңілген палуандардың ішінде Константинов та болады. Бұл жол жеңіс айқын басымдықпен өткен болатын. Әлем чемпионатына Шамиль Серіков аттанады.

Шәміл Серіков әлем чемпионатында бұрынғы әлем чемпионы поляк Юзеф Липенмен кездеседі. Одан кейін италияндық Антонио Кальтабианоны ұтады. Финалда ФРГ палуаны Паскуале Пасареллиді 29:9 есебімен жеңеді. Финалдық сайыста мұндай басымдықпен жеңіске жеткен палуандар болған жоқ.

Келесі жылы АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өткен әлем чемпионатын да жеңеді. Алайда КСРО біріншілігінде тек 7 орынға ғана тоқтайды.

Мәскеу Олипиадасында алты кездесу өткізеді. Алтауын да анық жеңіспен ұтып шығады. Алайда олипиада жеңісінен кейін жас дарын өзінің бұрынғы біліктілігінен айырылып қалады. Күрестен шаршайды. Кейіндері КСРО ұлттық құрамасына өте алмағандықтан тұңғыш рет Қазақстан біріншілігіне қатысып, 1982 жылы Қазақстан чемпионы атанады.

1989 22 қарашады өз-өзіне қол жұмсап, дүниеден озды <ref> [] </ref>.

Қазіргі Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясын бітірген (1979). Жаттықтырушылары — А.Алдабергенов, Ж.Жарков. КСРО чемпионы (1978, Украина, Запорожье), Еуропа (1979, Бухарест) және әлем (1978, Мексика, Мехико, 1979, АҚШ, Сан-Диего) чемпионы. 22-Олимпия ойындарының алтын жүлдегері (1980, Ресей, Мәскеу) болды. “Құрмет белгісі” орденімен марапатталған.

Ол туралы «Советский спорт» газеті: «Шәміл Серіковтың әдіс-тәсілдерін оқу-жаттығу құралы етіп ұсынуға болады» деп жазған. Шәмілдің бапкері Аянбек Алдабергенов кейін басқа шәкірттеріне чемпионның күрестерінің бейне таспасын үлгі ретінде көрсететін болған.

  • 1970 жылы күреспен айналыса бастаған.
  • 1975 жылы КСРО спорт шебері дәрежесін алған.
  • 1978 жылы халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алған.
  • 1979 жылы еңбегі сіңген спорт шебері атағын алған.
  • 1978, 1980-82 жылдары КСРО чемпионатына қатысқан.
  • 1978 жылы КСРО чемпионы атанды.
  • 1979, 1980 жылдары халықаралық турнирлер жеңімпазы атанды.
  • 1979 жылы Еуропа чемпионы атанды.
  • 1978, 1979 жылдары әлем чемпионы атанды. (Мексика, АҚШ)
  • 1980 жылы Олимпиада чемпионы атанды. (Мәскеу)
  • 1980 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

1989 жылы 22-қарашада дүниеден озды.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>