Шәмшігүл Мырзабекқызы Меңдиярова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Шәмшігүл Мырзабекқызы Меңдиярова (1947 жылы 14 мамырда Талдықорған облысы, Қаратал ауданы, Қызылбалық ауылында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1996). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы (1970 жылдан).

Толығырақ

  • Әкесі - Меңдияров Мырзабек (1902 ж. т.), Киров атындағы ұжымшар төрағасының орынбасары, төрағасы болып жұмыс істеген. Анасы - Меңдиярова Нұрмейір, үжымшарда сауыншы болып жұмыс істеген.
  • 1970 жылы М.Әуезов атындағы театр жанындағы екі жылдық студияны бітіріп, театрдың актерлік құрамына қабылданды. Сол кезден бері театрда үзіліссіз еңбек етіп келеді.
  • 1990 жылы Қазақтың Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтының тарих факультетін бітірген. Тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
  • 1970 жылдан Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы.

Шығармашылығы

«Қазақфильм» киностудиясының «Сайтан көпір» (Ана), «Сұрапыл сұржекей» (Сырға), «Ең нәзік жан» (Әпке), «Қазақ тарихы» (Ана), «Келін» (Ана) кинофильмдеріне түскен. «Қырманбайдың тойы» (Гүлбарам), «Турандот ханшайым» (Скирина), «Мөлдір махаббат» (Нарбота), «Мәңгілік бала бейне» (Шоқыш), «Қаракөз» (Текті), «Қазақтар» (Ана), «Жүрейік, жүрек ауыртпай» (Сыпайы әйел) спектакльдерінде ойнайды.

Жеке қасиеттері

  • Діни көзқарасы - «Тәңірлікпен араласқан мұсылмандық».
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Ганди.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Өркендеген Қазақстан, экономикалық және саяси жағынан алдыңғы қатардағы мемлекет».
  • Хоббиі - тоқыма тоқу, өлең айту.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - поэзия, проза.

Отбасы

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Бақытжан Әлімбайұлы Әбішев (1947 ж. т.), суретші-мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі. Ұлы - Әбішев Еркін (1978 ж. т.); қызы - Әбішева Сәнді (1980 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Bio-stub