Шыңғыс Нартайұлы Әлкеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ШYNGYS - Қазақ Рэпінің Ханы

ШYNGYS – Шын аты-жөні: Шыңғыс Нартайұлы Әлкеев. 1987 жылы, 8 мамырда дүниеге келген. Қазақстан Хип-хопындағы ең беделді әрі ең сәтті артисттердің бірі, продюсер. Сапалы қазақ рэпінің негізін қалаушы. Тұңғыш ресми қазақ тілді хип-хоп альбомын шығарған (Қазақ Рэпінің Ханы, 2008). Қазақ рэпін жалпыхалықтық өнерге айналдырған тұлға. «ASH ҚаZаҚ Pro» лейблінің негізін қалаушылардың бірі. Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар Ресейдің, Украина, Беларусь сынды елдердің танымал беделді өнер иелерімен жұмыс жасасқан. Олар: Сәкен Майғазиев (МузАрт), Yerbolat, Варчун, Алмас Кішкенбаев, Bossyak Metis’s, Ерлан Орынбасаров, Крэк, Чип, Don Drew, Домалақ а.к.а Biko, Вульгарный Тонн, T1One және т.б.

Өнердегі жолы Шымкент қаласында мектеп қабырғасында басталды. Алғашқыда тек жазбаша ақындығымен достарын, сыныптастарын ғана тамсандырып жүрсе, кейінірек Шымкенттік Облыстық газзеттерге өлеңдері тұрақты жарық көріп тұрды. Сонымен қатар «Оқушы дәптерінен» атты кітабы, яғни өлеңдер жинағы жарық көрді. Бірақта Шыңғысқа жазбаша ақындық аздық етті. Ол өз ойларын, толғаныстарын қағаз жүзінде ғана емес, музыкамен де жеткізгісі келді. Халықтың жүрегінен орын табу үшін музыканың құдыретін қолдануды жөн деп шешті. Сөйтіп түпкілікті музыкамен 2004 жылдан бастап айналыса бастады. 2008 жылы Шыңғыстың пәтерінде Қазақстан Хип-Хопын дүрліктірген әйгілі «Қазақ Рэпінің Ханы» атты альбомы жазылды. Аталмыш альбом қазақ рэпіне үлкен сілкініс қана әкелмей, сонымен қатар әмбенің санасына «қазақ рэп» сынды ұғымды мығым енгізді.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер