Шырақбек Қабылбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қабылбаев Шырақбек (09. 03. 1908 ж. Семей облысы, Абай ау., Қайнар селосы маңында Қарашоқы деген жерде -1977 ж.) — Қазақстанның партия және мемл. қайраткері. 1938 жылдан КОКП мүшеci iшкi істер қызметінің генерал-лейтенанты (1967). 1931 жылы Семейдегі қазан пед- техникумын бiтiрдi. Қызыл Армия қатарындағы кезекті міндетін атқарғаннан кейін, 1935 жылы Iшкі істер халкомының арнаулы мектебін, ал 1952 жылы КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бiтiредi. Қазақстан КП-нiң 4, 5, 8, 13-съездерiнде OK-тiң мүшесi және 4, 5,.7, 8- сайланған Қаз. КСР Жоғ. Советінің депутаты. Ленин орденiмен, eкi Еңбек Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз ордендерiмен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ Совет Энциклопедиясы.1975. Том 6</ref>

Дереккөздер

<references/>