Шора Бисемәліұлы Yмбетәлиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Yмбетәлиев Шора (Александр) Бисемәліұлы (16.6.1941, қазіргі Астрахан облысы Володар ауданы Тюрино ауылы — 8.1.2007, Алматы) — әнші (бас), Қазақ КСР-інің халық артісі (1984).

Өмірбаяны

  • 1970 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) вокалдық ф-тін (профессор Н.Шәріпованың класы бойынша) бітірген.
  • Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған.
  • 1968 жылдан Қазақтың мемллекеттік академиялық опера және балет театрының жеке (соло) әншісі.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том</ref>

Негізгі партиялары:

  • Сырттан (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, “Абай”),
  • Бекежан мен Қожақ (Е.Г. Брусиловский, “Қыз Жібек” пен “Ер Тарғын”),
  • Мазамхан (Қ.Қожамияров, “Садыр палуан”),
  • Мылқау және Абылай хан (С.Мұхамеджанов, “Ақан сері — Ақтоқты” мен “Жұмбақ қыз”),
  • Кеңгірбай (Ғ.Жұбанова, “Еңлік — Кебек”),
  • Тайшық (Е.Рахмадиев, “Алпамыс”),
  • Гремин (П.И. Чайковский, “Евгений Онегин”),
  • Мельник (А.С. Даргомыжский, “Су перісі”),
  • Пимен (М.П. Мусоргский, “Борис Годунов”),
  • Кончак пен Галицкий (А.П.Бородин, “Князь Игорь”),
  • Сперафучиле Мантероне, Рамфис және патша (Дж.Верди, “Риголетто” мен “Аида”),
  • Лепорелло (В.А. Моцарт, “Дон Жуан”).

Yбетәлиев өзінің концерттік репертуарымен қазақтың халық әндерін (“Япурай”, “Бір бала”, “Қара торғай”, т.б.) насихаттауға да белсене ат салысты.

  • 1983 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаздық етті.

Марапаттары

Орта Азия мен Қазақстан әншілері байқауының лауреаты (1969).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}