Шолпан Сұңғатқызы Тоқсанбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тоқсанбаева Шолпан Сұңғатқызы— 1936 жылы 10 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында ағартушы отбасында өмірге келген.<ref> "Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89 </ref>. 1952 жылы Қызьлорда қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы Қыздар педагогикалық училщесіне түсіп, оны 1956 жылы үздік дипломмен бітіріп, сол жылы ҚазМУ-дің тіл және әдебиет факультетіне түсті. Оны 1961 ж. бітірген.

Жазушы баспасына 1969 жылы қызметке орналасып, корректорлықтан бастаған. Екі жылдан кейін проза редакциясында кіші редактор, одан қайта басылым редакциясында редактор, кейін аға редакторлық қызмет атқарған.

Халқымыздың атақты классик жазушылары: М.Әуезовтың 2-томдык, Ғ.Мүсіреповтің 3 томдык,І.Есенберлиннің 10 томдық, Ә.Нүрпейісовтың 4 томдық, Ә.Сәрсенбаевтың, Ғ.Слановтың, З.Шашкиннің 5-томдық, М.Иманжановтың, С.Шариповтың, Ә.Шәріповтың, Қ.Қайсеновтың, Қ.Мұхамеджановтың, С.Бердіқұловтың, Ф.Оңғарсынованың 2-томдық шығармалар жинағын және т.б. Көптеген жеке басылымдарын шығарды. 30-жылдарда репрессияға ұшыраған Е.Бекеновтың "Дала қоңырауы", А.Сегізбаевтың "Әңгімелер жинағының" редакторы болды.

Ш.С.Тоқсанбаева баспадағы көп жьлдық үлгілі еңбегі үшін 1986 жылы "Еңбек ардагері" медалімен, ал 1988 ж. 24 наурызында Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі

Мемлекеттік комитетінің, Мәдениет қызметкерлері кәсіподағының комитетінің атынан "Баспа үздігі" атты белгісімен марапатталды.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}