Шешім (жантану)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шешім — проблемалық жағдаяттың ойлау операцияларының қалыптасуы. Шешім процесінде шешімді іздеу, қабылдау және іске асыру кезеңдері сараланады. Шешімдердің тиімділігі — қандай да бір сұраққа адамның өте жақсы шешім құрастыруы; қабылданған шешімді іске асыру нәтижесінде максималды жағымды жетістіктерге жетуі, мүмкін болатын жағьімсыз салдарды минимумге жеткізуі. Шешімді түзету — қандай да бір шешімді немесе оны орындау процедурасын шешім қабылданғаннан кейін түзету, өзгерту. Шешімді қадағалауклиент мәселесіне байланысты консультация үрдісіндегі қабылданған шешімнің іс жүзінде қалай орындалуын байқау және бағалау.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}