Шаһмұрат Мирасұлы Ибрагимов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ШаҺмұрат Мирасұлы Ибрагимов (1838, Көкшетау өңірі – 1881, Өзбекстан, Ташкент) – аудармашы, журналист.

Омбы кадет корпусында оқыған. 1854 жылы Петропавл қалалық полициясында, 1870 жылы Сырдария облыстық басқармасында аудармашы, 1872 жылы Түркістан генерал-губернатор әкімшілігінде аудармашы, 1880 жылы генерал-губернатордың аудармашысы болды. Ибрагимов інісі ШаҺмардан Ибрагимов дипломатиялық жұмыспен іссапарда болған кезінде “Түркістан уәлаятының газетінде” жұмыс істеп, аталған газеттің шығарушысы ретінде қол қойып жүрген. Екеуінің аты-жөні ұқсас болғандықтан, кейбір құжаттарда ШаҺмарданның тындырған істері ШаҺмұратқа телінген жағдайлар да жиі кездеседі.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}