Шаһмардан Мирасұлы Ибрагимов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ШаҺмардан Мирасұлы Ибрагимов (1840, Көкшетау өңірі – 1891, Сауд Арабиясы, Джидда қаласы) – журналист, этнограф, дипломат.

Омбы кадет корпусында оқыған. 1850 жылы Көкшетау округтық приказында аға сұлтан Шыңғыс Уәлихановтың хатшысы, 1863 – 67 жылдары Омбыдағы қазақ мектебінде оқытушы, 1867 жылдан кейін Ташкентте генерал-губернатордың парсы және түркі тілдерінен аударма жасайтын тілмашы болып жұмыс істейді. 1870 жылы оған қазақ, өзбек тілдерінде айына 4 реттен 14 жыл бойы шығып тұрған “Түркістан уәлаяты газетінің” редакторлық қызметі тапсырылды. Бұл қызметтерді ол арадағы үзілістерін есептемегенде, 1890 жылға дейін атқарады, 1890 жылы Ресейдің Джидде қаласындағы консулы болып тағайындалады, сол жерде 1891 жылы қайтыс болады.

Ибрагимов – Шоқан Уәлихановтың жақын досы болған. Шоқан Уәлиханов өзінен жасы кіші ШаҺмарданға ағалық қамқорлық жасаған, оның кадет корпусын бітіргеннен кейінгі жұмыстарына орналасуына көмегі тиген. Ибрагимов 1861 жылы Шоқан Уәлиханов Санкт-Петербургтен елге оралғанда қасында болған, оның кейіннен 1904 жылы жарық көрген шығармалар жинағының қолжазбаларын қайта көшіріп шығып, баспаға дайындап кеткен. Алтынемелдегі Шоқан Уәлиханов зиратының басына ескерткіш тақта қоюға ұйытқы болған. 1870 жылы Ибрагимов Орыс география қоғамының Ташкенттегі “Жаратылыстану, антропология және этнография әуесқойларының түркістандық бөлімін” ұйымдастырады.

Ол қазақ халқының өмірі мен тұрмысы, әдет-ғұрпы жайында ғылыми еңбектер жазды. Оның

  • Қазақтың мақал-мәтелдері мен жұмбақтары” (1868),
  • Қазақ халқының этнографиялық очеркі” (1872),
  • Қазақ тіліндегі кейбір термин сөздердің түсіндірмесі” (1873),
  • Қазақ молдалары туралы” (1874),
  • Қазақ тұрмысының очеркі” (1876),
  • Қазақ соты туралы заметка” (1878), , т.б. көптеген мақалалары Орыс география қоғамының жинақтары мен мерзімді баспасөзде жарияланған. Өзбек тілінде “Өзбек календарының” бірнеше санын шығарған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref><ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том</ref>


Дереккөздер

<references/>

Тағы қараңыз

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}