Шаһимардан Әбілев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шаһимардан Әбілев — Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ән салу кафедрасының профессоры, Абай атындағы ҚМАОБ театрының солисі – Шаһимардан Қайдарұлы Әбілов Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Арбаиген ауылында 1950 жылдың 23 сәуірінде туды.Ерейментаудың орта мектебінде оқып жүрген шағында Шаһимар-дан хорға қатысады, жеке дауыспен де әндер орындайды.Шаһимардан Әбілевті 1967 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректораты емтихансыз қабылдануға шешім шығарды, бірақ та ол консерваторияға бармады. Өзін әлі де мұндай ұлағатты өнер ордасында оқуға дайын емеспін деп есептеді. Ол енді «Эстрада жұлдыздары» студиясында дауысын сынатты. Конкурс қатал: бір орынға 12-13 бала таласты, дегенмен Шаһимардан Әбілов бұл сыннан өтіп, студияға қабылданды. Ол өзімен қатарлас, халқымыздың өнер тарландарына айналған Жәнібек Кәрменов, Қайрат Байбосынов, Лұқпан Есенов, Қапаш Құлышева, Қалампыр Орашевамен бірге оқыды, өнерлерін шыңдай түсті. 1968 жылы Алматыға Мәскеу консерваториясының профессоры Тиц дарынды жас әншілер ішінен үздіктерін таңдап алуға келді. Шаһимардан осы жазда жалғыз өзі конкурстан сүрінбей өтті. Бірақта күз түскенде ол Қиыр Шығысқа әскер қатарына алынды. Шаһимардан сол жолы Даманск ұрысына қатысты. Ол 18 жасында старшина шенінде 150 курсантты басқарды. 1970 жылы әскерден оралған Шаһимардан бірден Алматы консерваториясына құжаттарын тапсырып, сындардан нәтижелі өтіп консерваторияға қабылданады. Консерваторияда жеті жыл оқып тәмамдағасын, сол кездегі консерваторияның ректоры Ғазиза Ахметқызы Жұбанова осы қарашаңырақтағы вокал кафедрасында ұстаздық қызметті ұсынды. 1977 жылы Шаһимардан Қайдарұлы Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияның солисіне, консерваторияның опералық студиясына қатысуға кірісті.Шаһимардан Әбілев Мәскеу консерваториясының кіші залында 1991 жылы Е.Рахмадиевтің Абай өлеңдеріне жазылған әндерін және қазақтың көптеген романстарын ана тілінде орындады. Ақырында 1997 жылы Шаһимардан Хайдарұлы 47 жасқа тол-ғанында Абай атындағы ҚМАОБ директоры оны жетекші солистікке шақырды. Театрдағы бірінші рөлі – аттас операдағы Абай партиясы болды. Шаһимардан Әбілев Халықаралық «Алтын алма» фестиваліне (Алматыдағы) қатысты, Күләш Байсейітова атындағы 2-республикалық әншілер байқауында 1979 жылы 2-орынды иеленді. Ереван қаласында өткен 1983 жылғы М.Глинка атындағы Бүкілодақтық әншілер байқауында жүлдегер атанды. Ол 1985 жылы Қазақстан ЛКЖО ОК-нің Құрмет грамотасымен марапатталды, баритон дауысты әншіге 1994 жылы ҚР еңбек сіңірген құрметті атағы берілді

Әдебиет

  • Б.Кожиров "Қазақ елінің атақты музыка өнерпаздары" 2010ж

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}