Шаһизада Әбдікәрімов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шахизада Әбдікәрімов(16.9.1957. Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Жанажол ауылы) - тележурналист, ақын, БАҚ саласының топ-менеджері.<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. ҚазҰУ-ді бітірген (1996).

Қармақшы аудандық "Коммунизм шамшырағы" газетінде әдеби қызметкер, Байқоңыр қалалық телекомпаниясының төрағасы, республикалық "Қазақстан-1" теледидарының Қызылорда облыстық және Байқоңыр ғарыш кешеніндегі меншікті тілшісі, Қызылорда арнайы экономика аймағы теледидарының төрағасы қызметтерін атқарған.

Қазір Қызылорда қоғамдық телерадиокомпаниясының төрағасы. Алғашқы өлеңдер топтамасы 1975 жылы жас ақындардың "Көктем тынысы" кітабына енген. 1983 жылы "Қарлығаш" топтама кітабында өлеңдері жарық көрген. "Байқоңыр", "Төрткүл" өлеңдер жинағының авторы. Қырғыз ақыны Акбар Рысқұловтың өлеңдерін қазақ тіліне аударған. 2001 жылы "Байқоңыр" өлеңдер жинағы қырғыз тілінде жарық көрді. Қазақстан Жазушылар одағы және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Бірнеше кітаптың авторы. "Жалын" альманахының редколлегия мүшесі. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері. "Ерен еңбегі үшін", "Байқоңыр ғарыш кешенінің игерудің 50 жылдығы", "Қызылорда қаласының 190 жылдығы" медальдарының иегері.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}