Шақпақ ата мешіті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шақпақ ата мешіті — сәулет өнері ескерткіші. Ол қазіргі Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Таушық кентінен батысқа қарай 25 км жердегі қорымда орналасқан. Жартастан қашап салынған Шақпақ ата мешітінің құрылысын зерттеуші ғалымдар А.Г. Медоев 9 — 10 ғ-ларға, ал С.Әжіғали 12 — 13 ғ-лардағы сәулет өнері ескерткішіне жатқызады. Мешіттің орталық күмбезі бөлмені басып өтетін ұзын түзара, оның екі қапталында қоржын үй орналасқан. Орталық намаз оқитын бөлме залының (5,04,5 м) төрт бұрышынан жұмыр бағаналар қашалып, олардың арасы сәнді дарбазамен байланыстырылған. Залдың төбесінен күмбез ойылып, одан цилиндр тәрізді ойынды (биіктігі 1,55 м) шығарылған. Ойынды сырттағы шаршы жобадағы павильонмен жалғасады. Павильон орталық бөлмеге жарық түсіріп тұрған ойындыны жауын-шашыннан қорғаумен қатар, бақылау мұнарасы қызметін де атқарған. Қос қапталындағы бөлмелердің солтүстік жағындағысы жолаушылар аялдайтын ханака (сәкісі бар) болуы ықтимал. Ал оңтүстік жағындағы бөлменің төргі қабырғасында михраб, оның екі жағынан шағын екі бөлме ойылған. Мешіттің қабырғаларында арнайы жасалған өрнек белгілері байқалмайды, тек әр жерінде тайыз қашалған қуыстар бар. Негізгі әшекей-өрнек бас кіре берістің тақтасы мен босаға қабырғаларын нақыштауға (жануарлар, қару-жарақ, салт атты адам суреттері, жазулар, тағы басқа) жұмсалған. Осы қорымда жер астынан тұрғызылған Шақпақ ата мешітінен басқа 10 — 19 ғасырлар аралығында іргесі қаланған сағанатам, құлпытас, сағана-қойтас сияқты көптеген діни ескерткіштер де сақталған. <ref> Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>

Сілтемелер

Пайдаланылған әдебиеттер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Шақпақ ата мешіті|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}