Шахымардан Қайдарұлы Әбілов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Шахымардан Қайдарұлы Әбілов (22 сәуір 1950 жыл, Павлодар облысы, Шарбақты ауданы, Әрбиген ауылында туған) — қазақстандық опералық және камералық әншісі. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері. Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры. Қазақстанның Білім беру ісінің Үздігі.

Жалпы мәліметтер

Әкесі - Әбілов Қайдар Әбілұлы. Анасы - Әлиханова Рутай Қадымқызы. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының хор-вокал факультетін бітірген (1981), операкамералық әнші, оқытушы. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваторияның профессоры (1997 жылдан). Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1971 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының хор әртісі. 1981 жылдан - Жамбыл атындағы филармонияның солисі, оқытушы.

1982 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы опера студиясының солисі. 1990 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы вокалдық-хор факультетінің деканы, жеке ән айту кафедрасьжың меңгерушісі, 1991 жылдан - вокалдық-хор әні кафедрасының доценті, 1997 жылдан - жеке ән айту және опералық дайындық кафедрасының меңгерушісі, жеке ән айту кафедрасының профессоры.

1998 жылдан бері - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі.

ҚР Музыка қайраткерлері одағы төрағасының орынбасары.

Марапаттары

Жеке қасиеттері

Әскери атағы - старшина. Діни көзқарасы - «Бүкіл діндер жалғыз Қүдайдікі». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан болашақта Еуразияның барлық жағынан (саяси әрі рухани) орталығы болуы қажет».

Хоббиі - бақша өсіру, серуендеу.

Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаев, У. Шекспир, М.Ю. Лермонтов, А.С. Пушкин, Орта ғасырдағы араб прозасы.

Үйленген. Қыздары - Әбілова Айгүл, Әбілова Ақмарал; ұлы - Әбілов Әуез-Әбіл Саид.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}