Шафқат Мұхамеджанұлы Бекмұхамедов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шафхат Мұхамеджанұлы Бекмұхамедов (26.2.1892, Бөкей Ордасы, 2-теңіз жағалауы округі, 3-болыс — 1958, Алматы) - мемлекет қайраткері.

  • Мақаш Бекмұхамбедовтың ұлы.
  • 1902-1912 ж. Астрахан ерлер гимназиясында
  • 1912-17 ж. Қазан университетінде оқыған. Алғаш медицина факультетіне түсіп, 1-семестрде заң факультетіне ауысады. Университетте оқып жүрген кезінде студенттер қозғалысына қатысқаны үшін оқудан шығарылып, қайта алынған. Алайда аумалы-төкпелі заман жағдайымен оқуын бітіре алмаған.
  • 1916-17 жж. тыл жұмысына алынған қазақ жігіттеріне көмектесу, бас-көз болу мақсатында қазақ зиялыларымен бірге Минск түбінде (Белоруссия) болды. 1917 ж. 16 наурызда Минскіден жер-жердегі қазақ оқығандарына жіберілген телеграммаға Ә.Бөкейханов, М.Дулатовтармен бірге Бекмұхамедов те қол қойған.
  • 1917 ж. 2-6 сәуір аралығында Орынбор қаласында Орал, Ақмола, Семей, Сырдария облысының және Бөкей ордасының съездеріне, Бөкей ордасы өкілдері қатысқан Торғай облысы қазақ съезіне қатысын, басшылық жасаған. Сол жылы ол Бөкей ордасындағы алғашқы жер-су ісі комиссары және губерниялық жұмысшы-шаруа, қызыл әскерлер кеңесінің төрағасы болды.
  • 1918 ж. жергілікті әскери комиссарының орынбасарлығына тағайындалып, Қазақтың 1-үлгілі атты әскер полкін жасақтауға атсалысты.
  • 1919 ж. маусымда әскери істер жөніндегі қазақ комиссарының міндетін уақытша атқарады, 4 қарашадан бастап Қазревком мүшесі болады.
  • 1919-21 ж. Бекмұхамедов Жер бөлімінің хатшысы, Орынбор жұмысшы-шаруа инспекциясының алқа мүшесі, Бөкей губернаторы атқару комитетінің төрағасы.
  • 1921 ж. қыркүйектегі 2-жалпықазақ съезінде Қазаткомның шешімімен Қазақ АКСР әділет комиссары болын тағайындалады. Осы қызметте жүргенде «Прокуратура туралы», «Адвокат туралы» ережелердің жобасын өзірлейді. Ереже баптарына сөйкес республика прокурорының міндетін қоса атқарады.
  • 1922 ж. Қостанай облысына прокурор болып барудан бас тартқаны үшін партия қатарынан шығарылып, қызметінен алынады. 1930 жылға дейін әділет комиссариатында аса маңызды істер бойынша тергеуші, кеңесші заңтер қызметтерін атқарған, жоғары оқу орындарында сабақ берген. Қазақ АКСР Конституциясын дайындау комиссиясының мүшесі болды.
  • Зейнет демалысына шыққан соң әдеби шығармаларды аударумен айналысқан.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}