Шайхы Нәуұлы Қаратаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Музыкант Шайхы Нәуұлы Қаратаев (1890 жыл - 1922 жыл, Жымпиты) - әнші, Мұхит Мералыұлының немересі, атасының орындаушылық дәстүрін бойына дарытып, кейінгі шәкірттеріне үйретуші.

Әншілік өнері

Жастайынана өнерге бейіс болып, әншілік пен күйшілік өнерді қатар меңгерді. «Абыл», «Боғда», «Таз бала», т.б. күйлерін шебер орындаған. Ғарифолла Құрманғалиев кезінде Мұхит әндерін Шайхы Қаратаевтан үйренді. Аталас аға - інілері Шынтас бен Қамбар (Медетов) Қаратаевтармен бірге Орал, Ақтөбе өңіріне атағы жайылған өнерпаздар болды. Орынборда тұратын оралдықтар А.Затаевичті Шайхы Қаратаевпен кездестіру үшін Жымпитыға жеделхат жолдап шақыртады. Бірақ, әншінің жақында ғана қайтыс болғаны туралы хабар келеді. Затаевич Қаратаев тартқан күйлерді Қ.Медетовтен, «Мұхамедия», «Қоңыр ән», «Арман» әндерін шәкірті Б.Жұмағұловтан жазып алған. Шайхы ақырғы демі үзілер алдында өзінің сүйекті әні «Арманын» орындаған көрінеді. Бар жоғы отыз жыл өмір сүрген екен.

Сыртқы сілтемелер


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер