Шайбақов Артур Рауфұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Шайбақов Артур РауфұлыБашқұртстанда туған. Орта мектепті Қарағанды облысының Абай қаласында окып, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Жезқазған педагогикалық интситутында орыс және шетел әдебиеті кафедрасында оқытушы, аға оқытушы болып жұмыс істеген.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

1980 жылы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне әскери қызметке шақырылады, 1992 жылға дейін жедел қызметте жұмыс істейді. Ал, 1992-2004 жылдары Қазақстан Республикасы халық қауіпсіздігі комитеті Академиясының кафедра бастығы, редакциялық — баспа бөлімінде қызмет етті. Полковниктік шені бар.

Ол әуелі "Арыс" баспасында, кейін "Санат" баспасында редактор болып баспагерлік жолын жалғастырды.

Мынандай ірі жобаларды дайындап, жүзеге асыруға катысты: "Қазақстан қауіпсіздік органдарының тарихы", "Қазақстан спорты" энциклопедиялық аныктамалығы, "Солтүстік Қазақстан облысы" энциклопедиясы, "Қазақстан — Халықкомдары" анықтамалығы, Мемлекеттік "Мәдени мұра" бағдарламасы бойынша "Қазақстан тарихы: Батыс дереккөздерінде. XII—XX ғ." сериясы бойынша төрт томын, сонымен бірге Ұлы Отан соғысы Жеңістің 60 жылдығына орай жазушы Дм.Снегиннің "В те дни и всегда", А.Сергеевтің "Война рождает героев" кітаптарын редакциялады.

Оның 30дан астам ашық және жабық басылымдарға мақалалары жарияланды, соның ішінде ҚҚК (КНБ) органдар жүйесінде негізгі жедел іздеу қызметтері мен терроризммен күресу проблемаларына арналған оқулықтары, оқу құралдары бар.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}