Хорасан мазары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хорасан мазары, Қорасан мазары - 14 ғасырдың аяғында (Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Қарасоны мазарынан батысқа қарай 34 км жерде) салынған күмбез.

Ислам дінін уағыздау мақсатымен Хорасан қаласынан Сыр бойына келген Әбдіжалил баб мүрдесіне тұрғызылған. Әбдіжалил бабтың Хорасан аталуы жайлы екі түрлі дерек бар. Алғашқы деректе "шыққан каласына орай Хорасан аталды" делінсе, екіншісінде "бетіндегі корасан дағына байланысты Қорасан деген лақап атқа ие болған" деп топшылайды. Қорасан жайлы қазақ эпостарында да кезігеді. Алғашкы Хорасан мазарын шамамен 14 - 15 ғасырларда шикі қыштан көтерген. Қазіргі бізге келіп жеткен, қыштан өрілген қос күмбезді Хорасан мазары алғашкы мазардың қираған орнына күйдірілген қыштан (19 ғасырдың аяғы) қаланған. Құрылыс екі бөлмелі. Бас қасбеті оңтүстікке, қосалкы есігі батысқа қаратылып жасалған. Бөлмелер арасында аралык есік жоқ. Бас касбеті дәліз арқылы күмбезді шағын бөлмемен тұйықталады. Қорасан сағанасы есігі батысқа қараған үлкен бөлмеде. Шаршы планды астыңғы негізге бір-біріне жалғастыра 6 қырлы қос барабан өріліп, оның үсті күмбездермен көмкерілген. Хорасан мазары Сыр бойындағы жақсы сақталған діни құрылыстардың бірі.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті