Хамит Маданұлы Маданов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Хамит Маданов (1927 жыл 5 ақпан, Жаңақала ауданы, Ұялы ауылы - 1997 жыл 22 қаңтар, Алматы) - ғалым, тарих ғылымдарының докторы (1981), профессор (1983).

Еңбек жолы

1959 жылы Алматы жоғарғы партия мектебін бітірген. 1947-52 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті. 1952-55, 1965-69 жылдары партия жұмысында, 1959-65 жылдары Қаратөбе, Чапаев аудандық газеттерінің редакторы, 1971-72 жылдары республикалық теле-радиохабарлар жөніндегі мемлекеттік комитеттің бас редакторы, 1972-82 жылдары Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтының аға ғылымдары қызметкері, сектор меңгерушісі. 1982 жылдан ҚазПИ-дің кафедра меңгерушісі. Ғылыми қызметінің негізгі бағыты - Қазақстанның аграрлық саясатының мәселелері. Батыс Қазақстан тарихын зерттеп, кітаптар жазды. Қазақстан ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты (1983). Хамит Мадановтың «Көңілдің күйі» (1996), «Заман келбеті», «Біз қазақпыз» (1996) атты өлең жинақтары жарық көрген.

Шығармалары

  • Қазақ мәдениетінің қалыптасу кезеңдері, А., 1995;
  • Қазақ халқының арғы-бергі тарихы, А., 1995;
  • Қазақ мәдениетінің тарихы, А., 1998;
  • Кіші жүздің шежіресі, А., 1994.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Экциклопедия. Толықтырылған 2-ші басылымы. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2010. - 580 бет + 32 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 978-601-291-049-0</ref>

Дереккөздер

Үлгі:References