Хайролла Мырзағалиұлы Нұрмұқанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Хайролла Мырзағалиұлы Нұрмұқанов (16.6.1929 жылы туған, бұрынғы Фурманов ауданы, Таскүтір ауылы) — ғалым, филология ғылым доктары (1994), профессор (2000). 1942 ж. Талдықұдық орталау мектебін, 1954 ж. Орал педагогика итститутын, 1962 ж. ҚазМУ-ді сырттай оқып бітірген. Осы жылдары Қарағанды облысының Ақтөбе орта мектебінде мұғалім, мектеп директоры болған. 1963 жылдан Қарағанды педагогика институтының оқытушысы, кафедра меңгерушісі, деканның орынбасары, деканы. 1998 ж. Қазақстан Әлеуметтік ғылымдар академиясының толық мүшесі болды. Ол 50-ден аса ғылыми еңбек, соның ішінде «Сөз және шеберлік» (1987) атты монография жазған.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Шығармалары:

  • Эмоционально-экспрессивная лексика драматургических произведении Мухтара Ауэзова. АКД., А., 1969;
  • Кісі аттарының эмоционалды және экспрессивті ыңғайда қолданылуы//Аспиранттар мен ізденушілер жинағы. А., 1970, N 5;
  • Сөз және шеберлік. А., 1987;
  • Сөз және оның контекстегі қолданысы. ДДА; А., 1994.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}