Хабиба Қарақбайқызы Елебекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Хабиба Қарақбайқызы Елебекова (16 шілде 1916 жыл Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Томар - 18 қазан 2016 жыл, Астана) — актриса, мемуаршы, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1976).

  • 1934 — 35 жылдары Қарқаралыдағы жергілікті халық театрында қызмет істеген.
  • 1935 жылдан Қазақ драма театрында актриса.
  • 1935 — 37 жылдары осы театр жанындағы студияны бітірген. Елебекованың театр сахнасында сомдаған алғашқы рөлі — Қарагөз (Ж.Шаниннің “Арқалық батыр” спектаклінде). Актрисаның ойнаған рөлдерінің жалпы саны 100-ден асады. Олардың ең көрнектілері — М.Әуезовтің “Абайындағы” Қанікей, Ұлжан, “Қарақыпшақ Қобыландыдағы” Күнікей, Ғ.Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян Сұлуындағы” Мақпал, Б.Майлин мен Ғ.Мүсіреповтің “Амангелдісіндегі” Қырмызы, Б.Майлиннің “Майданындағы” Мамық, Қ.Аманжоловтың “Досымның үйленуіндегі” Айғаным, Иран-Ғайыптың “Естайдың Қорланындағы” Айнаш, т.б.
  • Сондай-ақ, Елебекова — белгілі әнші, өз жұбайы Ж.Елебеков туралы “Үні кетпес құлақтан” (1981), “Ән-Аманат” (1989), “Қайран Жүсекем” (1998) кітаптарының авторы.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті