Хабар 24

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Хабар 24» — 2012 жылдың 1 қыркүйектен бастап Қазақстанда, 600 шалғай ауылын қоса алғанда, тәулік бойы көрсетілетін телеарна. «24.kz» жаңа телеарнасы әлемдік «BBC», «CNN», «Euronews» және «Россия 24» сынды телеарналарымен терезе теңестіреді. «24.kz» – тек отандық өндірістің телеөнімдерін көрсететін республикадағы алғашқы телеарна болып табылады. Телеарна өз хабарларын ұлттық «Отау ТВ» спутниктік жүйесі арқылы таратады.

Телеарна ұжымы әлемнің жетекші телерадиокорпорациялары пайдаланатын озық телевизиялық жүйе бойынша арнайы дайындықтан өткен. Ашылғалы отырған Күн сайын телеарнадан 48 ақпараттық хабарлар шығарылып, 40 ақпараттық бағдарламалар көрсетілмек. «24.kz»-тің шетелдік негізгі әріптесі – «Reuters» агенттігі болады. Телеарнада 350-ге тарта қызметкер жұмыс жасайды. Негізгі хабар тарату орталығы мен басшылығы Астанада, ал басқа қалаларда телеарнаның өкілдіктері ашылады. Арна ақпаратты кедергісіз таратуға мүмкіндік беретін заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Телеарна директоры — Александр Аксютиц <ref>Эфирде «24.kz» сандық телеарнасы </ref>

Сыртқы сілтемелер

www.24.kz

Дереккөздер

<references/>