Хабар агенттігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Телеарна

Сурет:Khabar.jpg
Алматыдағы Хабар агенттігі бас пәтері

“Хабар” — агенттік, телеарна. 1994 жылдың тамызында Қазақстан республикалық телерадио корпорациясы (ҚРТРК) жанынан құрылған Ұлттық телевизиялық ақпараттық агенттіктен бастау алады.

1995 ж. 23 қазанда ҚР Үкіметінің қаулысымен “Хабар” агенттігі Республикасы мемлекеттік мекемесі болып құрылды. 1997 жылдың 27 қаңтарынан бастап өз жиілігінде хабар тарата бастаған агенттік 1998 жылдың 14 мамырында “Хабар” агенттігі жабық акционерлік қоғамы болып құрылды. 2003 жылдың қазан айында ашық акционерлік қоғамға айналған агенттік құрамында қазір “Хабар” арнасымен қатар “Ел арна” арнасы, ”Caspіonet”(қазіргі таңда "KazakhTV") спутниктік арнасы, “Classic” радио арнасы және www.khabar.kz интернет-порталы бар. ”Хабар” телевизиялық арнасы қазақ және орыс тілдерінде тәулігіне 20 сағат хабар таратады, жаңалықтарға басымдылық беріледі. Қазақстанның барлық облыстарында және ТМД-ның 5 елінде тілшілер бөлімі жұмыс істейді. Төл репортаждары Еуропа, Азия және Солтүстік Американың 12 елінен әзірленеді. Әріптестік бағдарламалар аясында әлемдегі алдыңғы қатарлы ақпараттық агенттіктер өнімдерін де пайдаланады. Ақпараттық-публицистикикалық, қоғамдық-саяси және экономикалық, ғылыми-ағартушылық, мәдени, ойын-сауықтық, спорттық бағдарламалары жақсы танымал арна ұсынатын телевизиялық сериалдар, деректі және көркем фильмдер рейтинг бойынша ең жоғары орында. “Хабар” — әлемдік деңгейдегі спорт жарыстарын тікелей көрсетеді. Агенттіктің техникалық базасы маңызды саяси және мәдени акцияларды оқиға орнынан тікелей таратуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. “Ел арнадан” тәулігіне 16 сағат бойы телевиз. ойын-сауықтық хабарлар берілді. Шамамен 9,5 млн. адам көретін арнада әлеуметтік, танымдық және мәдени бағдарламалар, көркем және деректі фильмдер, телесериалдар көрсетіледі. Хабарлар қазақ және орыс тілдерінде. “Caspіonet” (қазіргі таңда "KazakhTV") спутниктік арнасы арқылы Еуропа, Орталық Азия, Таяу Шығыс пен Африканың солт. бөлігін қамтитын тәулік бойы ұлттық ақпарат таратылады. Шамамен 99 млн. көрермен “Caspіonet”(қазіргі таңда "Kazakh TV") арқылы Қазақстан мен Орталық Азия елдері өмірінің барлық саласымен барынша толық та объективті түрде танысуға мүмкіндік алады. Жаңалықтарға басымдық берілетін арна хабарлары қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде дайындалады. Ақпараттық және музыкалық бағдарламаларға басымдық беріледі. www.khabar.kz интернет-порталы — елдегі және әлемдегі маңызды оқиғаларға байланысты ақпараттар ұсынады. Агенттіктің жыл сайын өткізетін ірі акциялары; еуразиялық Медиа Форум — жыл сайын өткізіледі. “Хабар” агенттігі Азия-Тынық мұхит хабар тарату кеңесі (АВU), Азия-Тынық мұхит жаңалықтар агенттіктері ұйымдары (OANA), Азия-Тынық мұхитының хабар таратуын дамыту институты (AҚBD) құрамына енеді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том</ref>

Жабылған жобалары

  • Хабар 2
  • Хабар радиосы
  • Еларна телеарнасы

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Телерадио Үлгі:Хабар агенттігі