Фройндшафт

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

“Фройндшафт”неміс тілінде шығатын республикалық саяси газет. Алғашқы саны 1966 жылғы 1 қаңтарда Целиноград (қазіргі Астана) қаласында жарық көрді. Тұңғыш редакторы — А.Дебольский. Газет бетінде одақтық және шетелдік ақпараттар, саяси экономикалық және мәдени тақырыпқа арналған комментарийлер мен мақалалар жарияланды. Ол өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығындағы социалдық жарысты ұйымдастыру мәселесін кеңінен жазып, озық тәжірибені насихаттап отырды. Сондай-ақ ғылым, мәдениет және өнер жаңалықтары туралы жазылды. Аптасына бір рет әдебиет беті беріліп, онда неміс тілінде жазатын кеңес жазушылары мен ақындары сөз алды. Газет ең алдымен Қазақстанда тұратын немістерге арналды. Аптасына бір рет шығады.

1987 жылдан Алматыда басылып, 1991 жылдан «Дойче Альгемайне» деген атпен тарай бастады. Газетте Абайдың өмірі мен шығармашылығына қатысты бірқатар материалдар басылды. И. Варкентиннің «Гете және Абай» атты лирик. очеркі, соның аудармасымен М. Құрмановтың «Гетеге» өлеңі (1966. 18.12)басылған. 1971ж. Г. К. Бельгердің Абай, Лермонтов, Гетенің рухани байланысын сөз еткен «Биік тұлғалар» очерк-эссесі жарияланды. Газетте Р. Лфлюгтің аудармасымен Абайдың «Ғылым таппай мақтанба...» өлеңі (29. 5. 1982), сондай-ақ, Бельгердің Абай мен М. О. Әуезовтың рухани-тарихи байланыстарын, шығармашылығын сез ететін «Шыңғыстау бөктерінде» атты көркем очеркі жарияланған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Сілтемелер

Қазақ ЭнциклопедиясыҚазақ Энциклопедиясы, 9 том

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Фройндшафт|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}