Фантомдық бұзылулар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Фантомдық бұзылулар (Үлгі:Lang-fr - елес ) - жоқ дене мүшесі жағынан болатын жалған түсінулер (ауыру, қышу, анемия, сіңірі тартылып қалу және т.б.). Фантомдық бұзылулар айықпас ауыр сипатта болуы мүмкін. Жоқ мүше не оның бір бөлігі әбден нақты түйсінілуі мүмкін. Қайсыбір жағдайда науқастың кескенге дейінгі болған ауыру сезімдерінің қайта жаңғыруы ықтимал. Фантомдық бұзылуларға жүйке талшықтары қиылған жерде тыртықтанған тінде орналасқан өскіндер, қабыну ошақтары, қан айналымының бұзылулары, сондай-ақ өзгерген жүйке талшықтарының механикалық жарақаттануы себеп болады. Фантомдық бұзылулардың қалыптасуында индивидтің өз денесі туралы даму процесінде тіркелген түсінігінің елеулі ролі бар.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}