Уәлихан Сиянбекұлы Қоңырбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қоңырбаев Уәлихан Сиянбекұлы (1945 жылы туған) — инженер-механик, саясаткер, 2-сыныпты Төтенше және Өкілетті Елші, ЕҰУ-дің құрметті профессоры, полковник.

Қарағанды политехникалық институтын (1969), Алматы Жоғары Партия мектебін (1979), КСРО ҰҚК Жоғары мектебі жанындағы КСРО ҰҚК органдары басшы құрамын дайындау курсын (1987) бітірген.

Қызметтері

  • 1969-77 ж. АТК инженері, автокөлік қызметкерлері кәсіподақтары Көкшетау обкомының хатшысы, КП Көкшетау обкомының нұсқаушысы,
  • 1979-85 ж. Семей обкомының нұсқаушысы, сектор меңгерушісі, бірінші хатшысының көмекшісі, Семей қаласы Ленин ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы,
  • 1985-92 ж. ҚазКСР ҰҚК тыңдаушысы, жедел бөлімше бастығы, партком хатшысы,
  • 1992-99 ж. ҚР СІМ дипкорпусқа қызмет көрсету басқармасының топ жетекшісі, дипломатиялық өкілдермен жұмыс департаментінің бастығы,
  • 1999-2007 ж. Моңғолиядағы Қазақстан Республикасы істерінің уақытша сенімді өкілі,
  • 2007 ж. ҚР СІМ консулдық қызмет департаментінің директоры.
  • 2007 жылдан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Қазақстан Республикасы медальдарымен марапатталған<ref>Астана энциклопедиясы, Алматы, Атамұра 2008</ref>.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер