Уәлиханов мемориалдық кешені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Уәлихановтың мемориалдық кешені, 1985 ж. Алтынемел баурайында (Кербұлақ ауданы) ұлы ғалымның туғанына 150 жыл толу құрметіне ашылды. Авторлары: архитекторлары Б.Ибраев, С.Рүстембеков, Р.Сейдалин; инженерлері А.П.Котов, А.И.Гусев; суретшісі А.Ермекбаева.

Мемориалдық кешен ғалымның бейітіне қойылған құлпытастан, ескерткіштен, музейден, қонақүйден және хауызды алаңнан тұрады. Ансамбльдің басты ғимараты — Ш.Уәлихановтың ғылыми-шығармашылық мұрасын бейнелейтін музей үйі. Музей үйінің сыртқы пішіні қазақ халқының мемориалды архитекторның дәстүрінен ("төрт құлақ") туындаса, ішкі кеңістігі киіз үйді, жолаушының шатырын елестетеді. Интерьердің негізінен үш түсті — еденнің қара, қабырғаларының қызыл, төбесінің шымқай ақ болуы дәстүрлі көркемөнер мәдениетіндегі үшкіл әлем символын білдіреді. Үйдің едені бұрандалы түрде бірте-бірте биіктеп, екінші қабатқа көтерілуге мүмкіндік жасайды. Орталық зал (ауданы 18x18 м) бұрыштарынан бастап ортасына қарай еңіс диагоналды арқалықтармен жабылған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> 30 орындық кинозал мен келушілерге қызмет көрсететін жайлар бөлек орналасқан. Қонақүйдің (30 орынды) әсем интерьері музейдің композицияның құрылымын сақтай отырып, жалпы ансамбльдің ішкі, сыртқы түтастығымен ұласып кетеді. Уәлихановтың мемориалдық кешенінің жобасы 1987 жылы Софияда өткен "Интерарх" халықаралық байқауында 2-орын алып, күміс медальға ие болды.

Уәлихановтың мемориалдық кешеніне Алматы-Шеңгелді-Қоянкөз-Матай-Жаркент және Семей-Аякөз-Қапал-Алтынемел маршруты бойынша сапар шегуге болады. Кешенге автомобиль жолдары барады. Сарыөзек-Жаркент тас жолының бойында орналасқан. Ол негізгі жолдан 20 км қашықтықта, Шоқан ауданында орналасқан.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}