Уәйіс Шондыбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ақын, композитор. 1873 жылы қазіргі Абай ауданында дүниеге келген. Ол Абайдың шәкірттерінің бірі. 1894 жылдан бастап Ақылбай, Көкбай, Мағауия сияқты дарынды ақындар тобына қосылып, ұлы Абайдың ақындық мектебінен өтеді. Оның көптеген өлең, дастандары, сондай-ақ халық арасында кең тараған «Перуайым», «Шұбартау», «Шыңғыстау», т.б. әндері бар. Халық арасында беделді ақындардың бірі болған. 1923 жылы қайтыс болған.


Дереккөздер

<references/>

1. Қазақ халқының атақты тұлғалары кітабы, АЛМАТЫКІТАП 2010ж.

2. ↑http://kitaphana.kz/