Уфа Меңдібайұлы Ахмедсафин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Уфа Меңдібайұлы Ахмедсафин (15 шілде 1912, Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, 2-ауыл — 21 қазан 1984, Алматы) — көрнекті ғалым, қазақ кеңес гидрогеологы, геология - минералогия ғылымының докторы (1947), Қаз. КСР Ғылым Академиясының академигі (1954; корр. мүшесі 1951). Қазақстан КСР-інің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері (1961), Социалистік Еңбек Ері (1969).


  • Орта Азия индустрия институтынын бітірген (1935).
  • КСРО Ғылым Академиясының Қазақ филиалында, кейін Қазақстан Ғылым Академиясының Геология ғылымдары институтынында бөлім меңгерушісі (1940 — 1965)
  • Қазақ тау-кен институтынының (қазіргі Ұлттық техникалық университет) кафедра меңгерушісі (1948 — 1951)
  • Қазақстан Ғылым Академиясының Гидрогеология және гидрофизика институтынының директоры (1965 — 1984) болды. Қазақстанның гидрогеологиялық мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Оның ғылым еңбектері Қазақстан мен Орта Азия шөлді аймақтарының гидрогеологиясын зерттеуге арналған.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref>

Ғылыми саладағы еңбектері

Ахмедсафин жерасты су көздерін, олардың пайда болу, қалыптасу, таралу заңдылықтарын ашты. Сондай-ақ жерасты суларын картаға түсіру, гидрогеологиялық карталарды жасаудың жаңа тәсілдерін қарастырып, гедрогеологиялық болжамдаудың негізін қалады. Ахмедсафин ұсынған басты теориялық және әдістемелік қағидалар тұңғыш рет Қазақстанның түбегейлі гидрогеологиялық болжам карталарын жасауға мүмкіндік берді, бұрын сусыз деп саналып келген шөл-шөлейт аймақтарда көптеген тұщы сулы артезиан және грунт суларының алаптарын ашуға негіз болды. Ол жер астындағы тұзды және аз тұзды сулардың табиғи және пайдаланылатын, жылма-жыл толықтырылатын қорын анықтап, оны өнеркәсіпке ауыл шаруашылығында, елді мекендерде, мал жайылымдарында, сусыз жерлерді суғаруға тиімді пайдаланудың жолдарын негіздеді. Ахметсафин 200 ғылыми еңбек жазды, оның 150-і жарияланды, 30 ғылым кандидатын дайындады, Қазақстандағы гидрогеология мектебінің негізін салды. Оның еңбектері Қазақстан мен Орта Азияның шөлді аудандарының жер асты су көздерін, олардың жаралу жөне қалыптасу заңдылықтарын анықтауда бірден-бір ғылыми тұжырым болып есептеледі. Оны мен қатар гидрогеология болжау, картаға түсіру жөне классификациялау принңиптерін негіздеуге арналған. Ахмедсафин ұсынған басты теориялық қағидалар тұңғыш рет Қазақстанның түбегейлі гидрогеология болжам картасын жасауға мүмкіндік беріп, бұрын сусыз деп саналып келген аймақта 70 артезиан алабын ашуға негіз болды.

Қоғамдық жұмысы

  • Көп жылдар бойы Қаз КСР Жоспарлау комиссиясы ғылыми-техникалық кеңесінің су секциясының төрағасы және бірқатар ғылыми және ғылыми-техникалық кеңестердің мүшесі болып келді.
  • 1955—59 жылдары Қаз КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты (1955 — 1959) және Төралқа мүшесі болды.
  • Ахметсафин гидрогеологиялық саласынан 8 ғылым докторын, 40-тан астам ғылым кандидатын даярлаған.

Марапаттары

  • Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (1980).
  • Ленин орденімен т.б. ордендер және медальдармен марапатталған.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, I том</ref>

Шығармалары

  • Методика составления карт прогнозов и обзор артезианских бассейнов Казахстана, А-А., 1961;
  • Формирование и гидродинамика артезианских вод Южного Казахстана, А.-А., 1973 (соавт);
  • Прогнозная карта региональной водообеспеченности Казахстана ресурсами подземных вод, А.-А., 1983 (соавт);
  • Формирования подземных вод Казахстана, А.-А., 1985.

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтеме

Үлгі:Bio-stub