Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменов (01.10.1941 жылы туған, Семей қаласы) – мемлекет қайраткері, дипломат. Қарағанды политехникалық институтын бітірген (1967). 1959 – 1969 жылдар Қарағанды металлургия комбинатында (ҚМК) жұмысшы, цех шебері, комсомол комитетінің хатшысы болып істеді. 1971 – 1977 жылдар Теміртау қалалық атқару комитетінде, 1977 – 1980 жылдар КСРО Сыртқы істер министірлігінің (СҚМ) Дипломатия академиясының тыңдаушысы, 1980 – 1981 жылдар КСРО СҚМ-нің Орта Шығыс елдері бөлімінің бірінші хатшысы, 1981 – 1985 жылдар Ауғанстандағы КСРО Бас өкілдігінің Мазари-Шариф қаласындағы консулы, 1985 – 1988 жылдар КСРО СҚМ-нің Орта Шығыс елдері бөлімінің кеңесшісі, 1988 – 1991 жылдар Ирандағы КСРО елшілігінің кеңесшісі, 1991 – 1994 жылдар ҚР Сыртқы істер министрі. 1994 жылдан елшілік қызметте болды. 1994 – 1996 жылдар Қазақстанның АҚШ-тағы, 1996 – 2001 жылдар Венгриядағы, 2001 – 2003 жылдар Бельгиядағы, 2003 жылы мамыр – шілде аралығында Люксембург, Голландиядағы, 2003 – 2005 жылдар Польшадағы төтенше және өкілетті елшісі. Сүлейменов 2003 жылда Қазақстанның Солтүстік Атлантика шарты ұйымындағы өкілдігінде атқарушы басшы қызметінде болды. 2005 жылдан ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы дипломатия институтының директоры.

Сүлейменов тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі ретінде елдің сыртқы саясатының қалыптасуында елеулі еңбек етті. “Құрмет белгісі” (1976), Ауғанстанның “Даңқ” (1984), “Құрмет” (2001) ордендерімен, “ҚР дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері” құрметті атағымен және бірнеше медальдармен марапатталған.<ref>Қазақ энциклдопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Төлеутай Ысқақұлы Сүлейменов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}