Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұлов (29 сәуір 1946 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында туған) — ғалым. Физика-математика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Қазақстанға еңбегі сіңген ғылым қайраткері (1996).Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері (2015). Алматы облысының және Жамбыл ауданының Құрметті азаматы.

Жалпы мәлімметтер

Төлеген Әбдісағиұлы 1946 жылы 29 сәуірде Алматы облысы, Жамбыл ауданы Жамбыл ауылында туған. 1962 жылы орта мектепті бітіріп, С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетіне түседі. Лениндік стипендиат болып оқып, ғылым, спорт және музыкамен белсенді айналысты.

Білімі

1967 жылы С.И.Киров атындағы (ҚМУ) (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті)университетті үздік бітіріп, 1970 жылы (қазіргі Санкт-Петербург) А.Ф. Иоффе атындағы физико-техникалық институтының аспирантурасын бітірген.

Еңбек жолы

  • 1970–1998 жж. А. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетінде – ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, факультет деканының орынбасары және декан, «теориялық және эксперименталдық физика» - ҒЗИ-ның директоры қызметтерін атқарды.
  • 1998- 2001 жж. – І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ректоры.
  • 2001- 2008 жж. – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның ректоры.
  • 2008 ж. сәуірінен – ректордың кеңесшісі. ЭТФ ҒЗИ-ның ғылыми жетекшісі.
  • 1986 ж. УКСР ҒА-ның Теориялық физика институтында (Киев қ.) КСРО-да тұңғыш болып «Калибрлік өрісті керегекөзде стохастикалық кванттау» атты керегекөзді калибрлік теория тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
  • 1989 ж. Т. Ә. Қожамқұловқа профессор ғылыми атағы берілді.
  • 1994 ж. Жоғары мектеп халықаралық академиясының академигі болып сайланды.
  • 2004ж. – құрметті, ал 2008ж. – ҚР Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі (академигі).
  • 2005 - 2012 жылдары ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті.

Марапаттары

  • 1986 жылы "Физика-математика ғылымдарының докторы" құрметті ғылыми атағы;
  • 1989 жылы профессор
  • 1996 ж. ҚР Президентінің Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері» атағы берілді.
  • 2003 ж. Нобель сыйлығының иегері П. Л. Капица (Мәскеу қ.) атындағы «Ғылыми жаңалық ашқан авторға» Естелік медалімен марапатталды.
  • 2004 жылы "Парасат" ордені;
  • 2006 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бірінші болып егемен Қазақстан тарихында тұңғыш рет ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тапсыруымен «Алтын сапа» - дәрежесін иеленді.
  • 2008 жылдан ҚР ҰҒА Академигі;
  • 2014 жылы ІІ дәрежелі "Барыс" Ордені;
  • 2015 жылы Қазақстанның ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
  • Алматы облысының (2001 ж.) және Жамбыл ауданының (2006 ж.) Құрметті азаматы, сондай-ақ Аризона штаты Туксон қаласының Құрметті азаматы (АҚШ, 2007 ж.).
  • 2016 жылы "Қазақстан тәуелсізідігне 25 жыл" медалімен марапатталды.
  • ҚР тұңғыш президентінің алтын барыс құрметті төсбелгісінің иегері.

Ғылыми шығармашылығы

Төлеген Әбдісағиұлы – физик-теоретик, өрістің кванттық теориясы саласы бойынша ірі маман. Халықаралық және республикалық мамандандырылған референттелген басылымдардағы физиканың мынандай бөлімдері, атап айтқанда, кванттық хромодинамика, ядро және элементарлық бөлшектер теориясы, салыстырмалық және гравитация теориясы бойынша, 200-ден аса ғылыми еңбектері жарық көрді. Калибрлік өрісті стохастикалық кванттау сияқты ғылымның жаңа бағытын дамытты. Ол үш монографияның авторы, соның ішінде «Өріс теориясындағы стохастикалық кванттау» атты монографиясы ғылымның жаңашыл бағытындағы құнды алғашқы еңбек ретінде әлемнің ғылыми жұртшылығына кеңінен мойындалды. Т.Ә. Қожамқұловтың алғашқы ғылыми жұмыстары студенттік кезінен жарық көре бастағанымен, оның нағыз физик-теоретик ретінде іргетасы А. Ф. Иоффе атындағы ФТИ-ның аспирантурасында кандидаттық диссертациясын дайындап жүріп атақты «Л. Д. Ландау және Е. М. Лифшиц теориялық минимумын» тапсыру барысында қаланды. Одан әрі оның ғалым ретінде қалыптасуына және табиғи талантының жарқырап ашылуына Б. П. Константинов атындағы КСРО ҒА ЯФИ-дың жыл сайынғы физикалық мектебі және Л. Д. Ландау атындағы КСРО ҒА ТФИ-дағы академик А. Б. Мигдалдың теориялық семинарлары баға жетпес рөл атқарды.

Оның жетекшілігімен көптеген кандидаттық диссертациялар орындалып және 5 докторлық диссертация қорғалды. Ол әлем мойындаған ғылыми мектеп құрды. Оның шәкірттері мен ізбасарлары Ресей, АҚШ, Франция, Израиль, Ұлыбритания, Италия және т.б. ғылыми орталықтарда жұмыс жасайды.

Т.Ә. Қожамқұлов – ғылымның ірі ұйымдастырушысы. Ол Қазақстанда ЖОО жанындағы алғашқы ҒЗИ болған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның «Экспериментальдық және теориялық физика» - ғылыми-зерттеу институтының құрушысы және алғашқы директоры. Т.Ә. Қожамқұлов Қазақстанның жоғары мектебі Ғылым академиясын (ЖМ ХҒА Қазақстандық бөлімшесі) негізгі ұйымдастырушысы. Бұл Академияның басты мақсаты – жоғары мектепте ғылымның дамуына жәрдемдесу және оның қол жеткізген жетістіктерін қоғамның әл-ауқаты мен рухани әлеуетінің жоғарылауына барынша қолдану.